қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
25.03.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин Компанияны дамыту басымдықтары туралы айтты
2009 жылдың 25 наурызында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз брифингі болды, онда президент (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдин компания қызметіндегі басымдықтар туралы айтты.

Дағдарысқа қарсы шаралардың шеңберінде және Елбасының Жолдауын іске асыру үшін ҚМГ өз күш-жігерін шығыстарды оңтайландыруға, отандық өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалануға, өңірлерді жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға шоғырландырды.

Жергілікті үлесті дамыту бөлігінде ҚМГ 2009 жылы өз сатып алуында қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің үлесін 144 млрд. теңгеге немесе 90% дейін ұлғайтуға ниетті.  2008 жылы ҚМГ компанияларының жалпы сатып алу көлемі 142 млрд. теңгені құрады, бұл орайда қазақстандық үлес 108 млрд. теңгені (76%) құрады.

2009 жылдың қаңтарында бекітілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес топты интеграциялаған мұнай-газ компаниясы ретінде одан әрі дамыту басымдық болып табылады. «Компанияның холдинг нысанынан бизнес-бағыттарды басқаратын компанияға өтуі бұған жасалған тағы бір қадам болмақ» - деп атап өтті Қайыргелді Қабылдин.

ҚМГ компаниядағы басқару деңгейінің санын оңтайландыруды, шешімдер қабылдау жүйесін жеңілдетуді, өз құрамынан бейінді емес және табыс әкелмейтін активтерді шығаруды көздеп отыр. 2013 жылдың соңына қарай «ҚазМұнайГаз» тобындағы  компаниялардың санын екі еседен астамға қысқарту жоспарлануда.

ҚМГ президенті компанияның негізгі өндірістік мақсаттарын атап өтті:

- мұнай мен газды барлау және өндіру секторында он жылдың ішінде қорларды 2 млрд. тонна мұнай баламасына дейін ұлғайту мақсат етіп қойылды;

- мұнай мен газ тасымалдау саласында тасымалдау қуаттарын тиісінше жылына мұнайды 170 млн. тоннаға дейін және газды 180 млрд. тонна текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

- мұнай өңдеу саласындағы мақсат - өңдеу тереңдігін 82% дейін жеткізу, өнімді 2015 жылға қарай Еуро-3 стандартына дейін жеткізу, Қазақстан мұнай өнімдерінің бөлшек нарығындағы ҚМГ үлесін 20% дейін ұлғайту;

Energy Intelligence Group бағалауы бойынша ҚазМұнайГаз әлемдегі ең ірі 50 мұнай-газ компаниясының қатарына енді.  


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос