қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
20.04.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы», CNPC Exploration and Development Company Ltd және Central Asia Petroleum Ltd «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларын сатып алу туралы шартқа қол қойды

2009 жылғы 20 сәуір
Астана қ.

2009 жылғы 16 сәуірде Пекинде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) пен CNPC Exploration and Development Company Ltd (CNPC E&D) компаниясы Central Asia Petroleum Ltd (CAP) компаниясынан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100% жай акцияларын сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды.

ММГ акцияларын сатып алу жөніндегі мәміле ҚМГ мен CNPC E&D компаниясына тең үлесте тиесілі бірлескен кәсіпорын - Mangistau Investments B.V. компаниясы арқылы жүзеге асырылады. ҚМГ тарапынан қаржылық консультант ретінде RBS тартылды,  Norton Rose заң мәселелері жөніндегі консультант болды. Сонымен қатар PricewaterhouseCoopers (салық), AMEC (экологиялық аудит) және Gaffney, Cline and Associates (техникалық бөлік) компаниялары да консультант қызметтерін көрсетті.

Реттеуші органдардың  тиісті мақұлдауын алғаннан кейін 2009 жылдың шілде айының соңына дейін мәмілені жабуды аяқтау жоспарланып отыр. Мәміле Қытайдың Экспорт-импорт банкі арқылы қаржыландырылатын болады.

ҚМГ мен CNPC E&D сатып алғалы отырған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ активтеріне Қаламқас, Жетібай кен орындары мен ММГ қалған геологиялық барлау активтері кіреді. ММГ-ға тиесілі Павлодар мұнай өңдеу зауытына қатысты акциялар мен активтерге келетін болсақ, олар бұл мәміледен алынып тасталады.

ҚМГ-ның осы сатып алуы ұлттық компанияның қазіргі бар базасын одан әрі өсіріп, мұнай өндіру  көлемін ұлғайтпақ.

ММГ Маңғыстау облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады, оның жұмысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық жағдайына әсер етеді. Осыларды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ММГ қызметінде келісім-шарттық міндеттемелер шеңберінде жұмыс орындарын сақтауды, жалақыны уақытында төлеуді, персоналды оқытуды және қайта даярлауды, аймақтың тұрғындарын әлеуметтік қолдауды, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асыруды қоса алғанда әлеуметтік міндеттемелерді орындауға аса назар аударылатынын атап өтті, сондай-ақ материалдарды, жабдықты және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

 

CNPC Exploration and Development Company Ltd. (CNPC E&D) CNPC еншілес кәсіпорындары болып табылатын  China National Oil & Gas Exploration және Development Corporation және PetroChinа компаниялары арасындағы тепе-теңдік  негізде құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады.

Central Asia Petroleum Ltd. – Британия Виргин аралдарында тіркелген және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100% дауыс беретін акциясының меншік иесі болып табылатын компания.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) Қазақстанның ірі мұнай өндіретін компанияларының бірі болып табылады. Компанияның 36 мұнай және газ  кен орны бар, оның 15 игеріліп жатыр. Қаламқас және Жетібай Компания кен орындарының қорлары бойынша неғұрлым ірісі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – мемлекеттің мұнай-газ саласындағы мүдделерін білдіруші көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңде және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз»" ҰК АҚ 10 процент акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос