қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
17.04.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2009 жылғы қаңтар-наурыздағы қызметінің қорытындылары және 2009 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштері

2009 жылғы 17 сәуір
Астана қаласы

Жедел деректер бойынша «ҚазМұнайГаз» компанияларының тобы бойынша мұнай мен газ конденсатының шоғырланған көлемі 2009 жылдың қаңтар-наурызында 4436 мың тонна құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі осындай көрсеткішінен  0,3% жоғары.

2009 жылы ҚМГ тобы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндірудің  шоғырланған көлемі   19062 мың тонна мөлшерінде жоспарланған болатын.

2009 жылдың қаңтар-наурызындағы мұнай өңдеудің шоғырланған көлемі 2293 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі осындай көрсеткішінен 5,6%  төмен.  Бұл ішкі және сыртқы рыноктардағы мұнай өнімдеріне деген сұраныстың азаюына байланысты объективті жағдайды көрсетеді.

2009 жылы ҚМГ тобы бойынша мұнай өңдеу 10440 мың тонна деңгейінде жоспарланды.

2009 жылдың қаңтар-наурызындағы мұнай тасымалдау көлемі  шоғырланған деректер бойынша 14868 мың тонна құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі осындай көрсеткішінен 0,8%  төмен. Бұл республика мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізілімдерінің азаюымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, мұнайды экспортқа жеткізудің ұлғаюына байланысты, мұнай жүк айналымының көлемі 0,6% артты.

2009 жылы мұнай тасымалы 60199 мың тонна көлемінде көзделеді.

Ресей транзитінің азаюына байланысты 2009 жылдың қаңтар-наурызындағы газ тасымалдау көлемі 26375 млн. текше метр құрады,  бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі осындай көрсеткішінен 0,9%  төмен. Бұл ретте, орта азиялық газ транзитінің ұлғаюына байланысты тауар-тасымалдау жұмыстарының көлемі 6,7% ұлғайды.

2009 жылы газ тасымалы шоғырланған деректер бойынша 112882 млн. текше метр көлемінде жоспарланды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының шоғырланған кірісі 2009 жылдың қаңтар-наурызында 653,6 млрд. теңге құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі осындай көрсеткіштен  1,9% жоғары.

Компания инвестициялық саясатты дәйекті түрде іске асыруды жалғастыруда. 2009 жылдың қаңтар-наурызындағы өз қаражаты есебінен жасаған күрделі салымдары 52,6 млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе жоғары болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  2009 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының бюджетіне  жалпы сомасы 76,1 млрд. теңгеге салықтар мен төлемдер енгізді, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңнен 1,5% жоғары. Бұндай ұлғаю, негізінен, салықтың жаңадан енгізілген түрлерін, соның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына ренталық салықты төлеуге, сондай-ақ қоршаған ортаны ластау үшін төлемінің ставкасының және мүлікке салық ставкасының көтерілуіне байланысты.

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін қорғайтын, көмірсутектерін  барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор болып табылады.   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% акциялары «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос