қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
24.04.09 | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2009 жылдың қаңтар-наурызындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі атқарылған жұмыс туралы хабарлайды

2009 жылғы 24 сәуір
Астана қ.

2009 жылдың 24 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қызылорда облысының Шиелі кентінде қазақстандық үлесті арттыру мәселесі талқыланған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі форумға қатысты.

2009 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша ҚМГ тобының сатып алуындағы Қазақстан үлес 90,2 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 98% (91,4 млрд. теңге) болды. Негізгі бөлігін жұмыстар мен қызметтер құрады (86,8 млрд. теңге), бұл ретте қазақстандық өнім берушілердің үлесі 98,8%-ті (85,8 млрд. теңгені) құрады. 4,5 млрд. теңгеге жабдық сатып алынды, отандық өндірілген жабдықтың үлесі 96,4% (46, 3 млрд. теңгені) құрады.

2009 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін отандық тауар өндірушілерді қолдау шеңберінде «ҚазМұнайГаз» жалпы сомасы 27 млрд. теңге меморандумдарға қол қойды және жалпы сомасы 9,4 млрд. теңге болатын келісім-шарт жасасты.

«2009 жылы құбырларды сатып алудағы үлесіміз 2008 жылғы 10 процентпен салыстырғанда 50 процентке дейін, химиялық реагенттер бойынша – 35-тен 65 процентке дейін, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша – 50-ден 65 процентке дейін өседі деп жоспарлап отырмыз.

Ал электр қозғалтқыштары, тербелмелі станоктар, трансформаторлар, кабель өнімі және жабдықтар мен материалдарды басқа да түрлері тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынатын болады».

«Өнімнің көптеген түрлерін ҚМГ іске асырып жатқан мұнай-газ жабдығының жаң түрлерін игеру жөніндегі бағдарламаның шеңберінде қазақстандық машина жасау кәсіпорындары игерді. Ұлттық компания тапсырыстарының нәтижесінде Атырауда химиялық реагенттер зауытын іске қосу жоспарланып отыр, Павлодардағы жіксіз болат құбырлары зауытының қызметі кеңейтіліп келеді», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ынтымақтасатын компаниялардың қатарында – Алматы ауыр машина жасау зауыты, Петропавл ауыр машина жасау зауыты, «Каспиймаңы машина жасау кешені» ЖШС, Өскемен арматура зауыты, Батыс Қазақстан машина жасау зауыты, «Мұнаймаш» АҚ және республиканың басқа да өндірістік кәсіпорындары бар..

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – мемлекеттің мұнай-газ саласындағы мүдделерін білдіруші көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңде және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз»" ҰК АҚ 10 процент акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос