қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 
30.04.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Kazakhstan Pipeline Ventures-тағы ВР үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады

2009 жылғы 30 сәуір 
Астана қ.

«ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы қатысу үлесі 1,75% мөлшеріндегі қатысу үлесімен Каспий құбыр консорциуымының (КҚК) акционері болып табылатын «Kazakhstan Pipeline Ventures» (KPV) бірлескен кәсіпорнындағы ВР үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.  Осы тиімді мәміле нәтижесінде ҚМГ KPV-ның жүз процент иегері болды және КҚК мұнай құбырының өткізу қабілеттілігіне құқығын барынша арттырды.

KPV-дағы ВР-ның 49% мөлшеріндегі сатып алынған құны 250 млн. АҚШ долларын құрады, олар бірнеше транштармен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта KPV КҚК-ның жылына 5 млн.тонна мөлшеріндегі өткізу қабілеттілігі құқығына ие, ол КҚК мұнай құбырын кеңейту жобасын іске асырғаннан кейін жылына 10,5 млн.тоннаға дейін артады.

Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ КҚК-ның акционері бола отырып (19% - Қазақстан Республикасының үлесі, 1,75% - KPV үлесі) Кеңейту жобасын ескере отырып жалпы алғанда жылына 14,3 млн.тонна мөлшеріндегі КҚК-ның қуаттарына қол жеткізу құқығына ие болады.

 

КҚК мұнай құбыры Қара теңіздің портына тікелей шығу жолы бар және әлемдік рынокқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық мұнай экспортының қолданыстағы анағұрлым тиімді бағыты болып табылады.  КҚК-да сондай-ақ мұнай сапасы банкі де бар.

2003 жылғы желтоқсанда КҚК акционерлері (Б.В.Лукарконы қоспағанда) КҚК кеңейту жобасын іске асырудың негізгі қағидаттары туралы меморандумға қол қойды. КҚК мұнай құбырының  өткізу қабілеттілігі жылына 67 млн.тоннаға дейін, соның ішінде ҚР-дан жылына 50 млн.тоннаға дейін арттырылады деп күтілуде. Бүгінгі күні КҚК қуаттылығы жылына 28,2 млн.тоннаны құрайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – мемлекеттің мұнай-газ саласындағы мүдделерін білдіруші көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңде және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз»" ҰК АҚ 10 процент акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
17.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос