қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
30.04.09 | ҚМТ мен KBR қазақстандық кадрлерді дайындау саласы бойынша ынтымақтастық төңірегінде келісім жасағандығы туралы жариялады.

2009 жылғы 30 сәуір
г. Астана

2009 жылғы 30 сәуірде, Астанада «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы АҚ мен «Kellogg Brown & Root Limited» (Великобритания) компаниясы теңіз мұнай жобаларына арналған қазақстандық кадрлерді дайындау саласы бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Тараптар, тиісті келісімге 2008 жылғы наурызда қол қойылғандығын ескертті.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, 2008 жылғы шілдеде екіжылдық бағдарлама бойынша.ҚМТ төрт инженері Лезерхед (Ұлыбритания) қаласына жіберілді.

Өндіріс объектілерінде және офисте оқыту мен тәлімгерліктен өткізу қабылдаушы тараптардың есебінен жүзеге асырылады.

Осы уақыт барысында тәлімгерлердің әрқайыссы Қазақстан үшін жүзеге асырылатын KBR компаниясының нақты жобасына қатыстырылады.

2006 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да теңіз мұнай операцияларына арнайы дайындалатын қазақстандық кадрларды дамыту бағдарламасы қабылданды.

Shell, ExxonMobil, BUE, ConocoPhillips және тб сияқты алдыңғы қатарлы шетелдік мұнай және жобалау компанияларында оқитындар және тәлімгерліктен өтетіндер ҚМТ бағдарламасы шеңберінде компанияның жас мамандары мен жоғарғы оқу орындарының ең үздік  түлектері қатарынан таңдалуда.

Сондай-ақ 2006 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейінгі мерзім аралығында оқуға және тәлімгерліктен өтуге 37 маман жіберілді.

ҚМТ жоспарында: мұнай ұңғымасын бұрғылау, құбыр құрылысын салу және жобалау, мұнайгаз құрылыстарын жобалау сияқты мұнайгаз мамандықтары бойынша қазақстандық мамандарды дайындауда ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты жалғастыру жөніндегі мәселе елеулі орын алған.

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз Мұнай Компаниясы АҚ 2003 жылдың 14 наурызында құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес мекемесі болып табылады.

KBR кәсіпорын секторларындағы азаматтық және үкімет, мұнайхимиялық, энергетикалық қолдау үшін қызмет көрсету (сервис)және құрылыс, әлемдік инжиниринг компаниясы болып табылады.

Компания өз бөлімдері арқылы қызмет көрсетудің кең спектрін қамти алады, мысалы: Downstream (жасау және өткізу), Government and Infrastructure (Үкімет тапсырыстары және инфрақұрылым), Services (Техникалық қызмет көрсету), Technology (Технологиялар), Upstream (барлау және өндіру) және Ventures (Басқа компаниялармен серіктестік шеңберінде жобаларды жүзеге асыру).


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос