қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК ғимаратында салтанатты түскі дастархан мен концерт ұйымдастырылды, оған 100 соғыс және еңбек ардагері шақырылды. Ардагерлерге құрмет көрсету рәсімі «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндірістік бөлімшелері мен ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдарында өткізілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында ардагерлерге, мүгедектерге, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде едәуір тәжірибе жинақталған, «ҚР ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық ұйымымен, «Көмек» ардагерлер кеңесімен, «Мұнайшы» қоғамдық бірлестігімен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыс орнатылды.

Саланың жеті мыңнан астам ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлерін біріктіретін «Мұнайшы» ҚҚ мен «ҚазМұнайГаз» тобы арасында 2006-2011 жылдарға Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы ынтымақтастың шеңберінде 2008 жылы ардагерлерге атаулы көмек көрсетудің өзіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 42 млн. теңге жұмсады.

Жеңіс күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК қызметкерлері өз бастамашылығымен ардагерлерге барып, оларға сыйлық тапсырып, мерекесімен құттықтады. ҚМГ президенті Қайыргелді Қабылдин алты орден кавалері, Смоленск, Витебск пен Кенисберг түбіндегі шайқастарға қатысқан майданшы Нәжікен Қапышевта қонақта болды.

Ардагермен әңгіме барысында ұлттық компанияның басшысы «ҚазМұнайГаз» соғыс және еңбек ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейтуде барлық күш-жігерді біріктіру жөнінде шетелдік әріптестерге ұсыныс жасағанын айтты.

Кайыргелді Қабылдин шығыстардың қысқаруына қарамастан, 2009 жылы ҚМГ соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетілетін көмектің көлемін тиісті деңгейде сақтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос