қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды

Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау жөніндегі «Тюринген ТЮФ-пен бірлескен Интерсертифика» тәуелсіз органының шешімімен  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына мерзімі 2012 жылдың наурызына дейін сәйкестік сертификаттары берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін дамыту (ИБЖ) шешім қабылдау, қайталануға жол бермеу, басқару деңгейлерін оңтайландыру жөніндегі шаралар шеңберінде жүзеге асырылады. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ИБЖ қызметінің директоры Гүлханым Тоқышева айтқандай, ұлттық компанияда интеграцияланған басқару жүйесін енгізу ішкі құжаттарды әзірлеудің, келісу және бекітудің бірыңғай тәртібін белгілеуге, қабылданатын шешімдердің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

«ИБЖ қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес  жақсартып отыру үздіксіз процесс болып табылады» - деп атап өтті Г.Тоқышева.

Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарына сәйкес  Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына жауап беретін  интеграцияланған басқару жүйесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та 2006 жылдан бері жұмыс істейді.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос