қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жаңалықтар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Іс-шара «Мұнайшы» қоғамдық қорының бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Жиналысқа ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің өкілдері, ҚМГ компаниялары тобының басшылары, шетелдік әріптестер қатысты.

2009 жылы алғашқы қазақстандық мұнайдың өндіріле басталғанына 110 жыл толады. Қазақстанда 200-ден астам мұнай мен газ кен орнын ашқан мұнайшылардың аға буыны қазіргі Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына бағаланбас үлес қосты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин былай деді: «Қазақстанның мұнай-газ саласының даму бастауында тұрған адамдар үлкен тарихи миссияны атқарды және Сафи Өтебаевтың жетістіктерінің еліміз үшін маңызы зор».

«Қазақстанның Күлсары, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен және тағы басқа көптеген маңызды мұнай-газ кен орындарының ашылу мен игерілуі Өтебаевтың атымен байланысты», - деді ол.

Жиналыс барысында қазақстандық журналист Н.Сафиннің «Қазақстанның мұнай саласының көрнекті тұлғалары» сериясында шыққан «Сафи Өтебаев» атты кітабының және кинорежиссер К.Омаровтың «Қазақстан мұнайының патриархы» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Қазақстандық мұнайдың 110 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ардагер мұнайшыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, мұнай-газ саласындағы инженерлік-техникалық мамандықтардың ең үздік студенттеріне атаулы степендия бекітуді, қайырымдылық кештері мен басқа да әлеуметтік акцияларды өткізуді жоспарлап отыр.

Сафи Өтебаев 1909 жылы Атырау облысының Қарабау кентінде туды. Еңбек жолын 1925 жылы Доссорда слесарьдің көмекшісі болып бастады. 1935 жылы М.Азизбеков атындағы Әзірбайжан мұнай институтын бітіріп, қазақтардың арасындағы бірінші мұнайшы инженер болды. Сафи Өтебаев «Қазақстанмұнай» бірлестігінің қатардағы инженерінен бастап бастығына дейін, Атырау және Батыс Қазақстанның Ауылшаруашылығы кеңесінің төрағасы болып, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. Оның бастамасы бойынша 1938 жылы Атырауда республикадағы бірінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданды.


«« | »» « кері қарай | барлық жаңалықтар
  
22.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында қазақстандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
20.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
08.05.09 | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, әріптес компанияларға ардагерлерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті кеңейтуді ұсынды
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос