қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Миссия
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның миссиясы – Қазақстан Республикасы үшін оның ұлттық мұнай-газ саласына қатысуынан барынша жоғары пайданы қамтамасыз ету.

Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның даму стратегиясында» белгіленген және оларға төмендегілер кіреді:

  • Компанияның құнын арттыру
  • Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту
  • Қорларды көбейту
  • Өндірісті арттыру
  • Мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету
  • Ірі көлемді мұнай-газ жобаларын (Теңіз, Қарашығанақ және Солтүстік-Каспий жобалары) жүзеге асырудан болатын экономикалық әсерді арттыру
  • Көліктік мүмкіншіліктерді дамыту
  • Қосылған құны жоғары болып келетін мұнай-химиялық өндірістерді дамытуға ықпал ету.
    Тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясын құру
  • Компанияның басқару жүйесін жетілдіру

Стратегиялық мақсаттарға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2006-2010жж. арналған Стратегиялық бастамалардың жиынтық жоспарында (Стратегиялық даму жоспары)» көрсетілген шараларды орындау мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 5 жылға (2007-2011жж.) арналған стартегиялық даму бағыттарын» жүзеге асырудың арқасында қол жеткізу ескеріліп отыр.

Активтерді қайта құру бағдарламасы

Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі замандағы даму кезеңі компанияның алдына жаңа міндеттер қоюда, олардың шешілуін компанияның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі мен оның келешектегі тұрақты экономикалық дамуы қамтамасыз етуі тиіс.

Активтерді қайта құру бағдарламасының мақсаты – активтердің тиімді және айқын құрылымын құру.

Бағдарламада салаға қатысты қосалқы және салаға жатпайтын қызметпен айналысатын еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы санын азайту ескерілген.

Компанияның активтерін қайта құру қағидалары:

  • елеулі мәні бар активтерді сақтап қалу және қызметтің салалық бағыттарына көбірек күш жұмсау 
  • төмен коммерциялық әлеуетке ие салалық активтерден шығу
  • салалық қосалқы активтерге қатысушылардың/акционерлердің құрамынан шығу
  • салаға жатпайтын активтерге қатысушылардың/акционерлердің құрамынан шығу

Салалық қызметке төмендегілер жатады:

  • игеру мен өндіру
  • мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын пайдалану
  • қайта өңдеу
  • мұнай-газ құбырларын тасымалдау мен пайдалану
  • мұнай мен газ саласындағы өткізу және маркетинг, НИОКР
  • геологиялық-геофизикалық зерттеулер
  • мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын жобалау мен салу
  • бұрғылау

Компания активтерінің мақсаттық құрылымы:

  • Көмірсутегілерді игеру мен өндіру
  • Маркетинг және өткізу
  • Мұнай мен газды тасымалдау
  • Сервис – салалық-қосалқы және салаға жатпайтын секторларды қамтиды

Активтерді қайта құру бағдарламасын жүзеге асыру еншілес және тәуелді ұйымдардың қатысу үлестері мен акция пакеттерін сатудан түскен пайдаға ие болып отыруды қамтамасыз етеді, қолданыстағы активтерді бақылау мен оларға мониторинг жүргізу жөніндегі әкімшіліктік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, келешегінен үміт күттіретін жобаларды дамытуға арнап қосымша мүмкіншіліктер мен ресурстар береді.

МАҚСАТТЫҢ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ ІСТІҢ НАҚТЫЛЫҒЫ !

17.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос