қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Компанияның тарихы
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
Он бес жылдан астам Қазақстан өз табиғи байлықтарын, сонымен қатар көмірсутек қорларында өздері игеруде. Қазақстанның мұнай туралы ғасырлық тарихы болса да, ең айрықша мәнді оқиғаның біразы – Қазақстан өз егемендіген алып, мемлекет болғаннан кейін болды.

1991 жыл

1991 жылдың аяғында, жалпы республикада мемлекетті басқару ісінде өзгерістер болғандықтан, Қазақстанның энергетикалық секторын басқаруда да өзгерістер болды. Бұл сала, Қазақстан Республикасының энергетика және электрлендіру министрлігіне және Қазақстан Республикасы геология және жер қойнауларын күзету атты мемлекеттік комитеттің басқармасына өтті.

1992жыл

1992 жылы мұнай шығатын Теңізден – Новороссискіге, одан әрі Қара теңіз портына дейін мұнай тасымалдау үшін жол салу және жабдықтандыру жайын жоспарлай отырып, Қазақстан мен Ресей, Оман-Каспий құбыр консорциумын құрды. Дәл осы жылы Қарашығанақ мұнайгаз шығатын кен орнын игеруге, Қазақстан Республикасымен, «Аджип» (Италия) және «Бритиш газ» (Ұлыбритания) компанияларымен келісім шартқа қол қойылды

1993 жыл

1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш Республикамызда газ мұнай саласындағы кәсіпорынмен бірлесе – Қазақстан-Түрік «ҚазақТүрікМұнай» кәсіпорны құрылды.

1993 жылы наурызда, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіне барлау өткізу қажеттілігімен, Қазақстан үкіметі қаулысымен «ҚазақстанКаспийШельф» компаниясы іске қосылды.

1993 жылдың 6-сәуірінде «ғасыр келісім шарты» жасалынды. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Американың «Шеврон» компаниясының ұзақ мерзімді (40 жыл) келісім шарт осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында Қазақстан Каспий шельфінде геологиялық барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада оператор ретінде өздерін көрсететін жеті шетел компанияларынан («Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Тоталь», «Шелл» ) және «Қазақстан-КаспийШельф» құралған. Халықаралық консорциум жасау туралы келісімге, мұнай саласы аймақтарына үш жыл қатарынан геологиялық зерттеулер туралы келіміге де қол қойылды.

1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания – Қазақстан-Герман кәсіпорны «ҚазГерМұнай» құрылды.

1994 жыл

1994 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы бойынша , Қазақстан Республикасы Энергетика және жанармай ресурсы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмірөнеркәсіп министрлігін және мұнай және газ өнеркәсіп министрлігін болып бөлінді. 1994 жылы шілдеде Қазақстан Каспийдің қорларын өңдеу туралы әлемдік деңгейде жоба ұсынды, ол жобада Каспий табиғи қорларын игеру және өндеу туралы сұрақтар бойынша өздерінің принципалдық көзқаратарын білдірді 1994 жылдың аяғында ең маңызды шешімдер бойынша, Республика үкіметі, Қазақстанда мұнайгазды кешені бағдарламасын қабылдады: 1. Өңдеу қуаттылығын нығайту; 2. мұнай өніміндегі ішкі қажеттеліктерді толық қамтамысыз ету; 3. Мұнай экспортын өсіру.

1995 жыл

1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ» атты өндіріс жерінде Қазақстан Республикасы өзінің «Қазақгаз» және «Аджип» (Италия), «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром» (Ресей) арасындағы бөлісім келісім шартқа қол қойды.

1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен «Мұнай туралы» өзінің күші бар заң қабылдады. Бұл заңның ең негізгі мақсаты – республикамызға мұнай газ қорларын өңдеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. 1995 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінен газ құбырының экономикалық техникасын негізге ала отырып, «Ақсай-Қостанай-Көкшетау-Ақмола» атты ұзындығы 480 км және көлемі 4,7 млнкуб. құрылысын бекітті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстандағы көмірсутек шығатын жерлерді және оның қартасын бекітті.

1996 жыл

1996 жылдың сәуірінде Қазақстан, Ресей, Оман және халықаралық мұнай компаниялар консорциуының арасында, «Тенгиз-Тихорецк-Новороссиск» сапарының желісі бойынша, өтімділік қабілеттілігі 67 млн.тонн. мұнай құбырының құрылысы жайында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей үлесі – 24% , Қазақстанның үлесі - 19%, Оман үлесі -7% құрады, ал қалған бөлігін 8- мұнай компаниясының еншілігіне таратылды. 1996 жылдың 9 шілдесінде Каспий жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастық ұстанымдары туралы келісімге қол қойылды. 1996 жылы тамызда ҚКШ халықаралық консорциум Каспий шельфіндегі Қазақстанның мұнай шығаратын жерлеріне типографиялық түсірілім жасалынып бітті. Аймақ потенциалы 26-дан 60 млрд баррельге бағаланды.

1996 жылы Грузия жерімен өтетін, «Баку-Батуми-Супса» атты мұнай құбырының құрылысына келісім жасалынды. Бұл жол арқылы Каспий мұнайының жартысын Украинаға және одан әрі Еуропаға жеткізу еді.

1997 жыл

1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан Республикасы мұнайгаз өндіру Министрлігін қысқартып, Қазақстанның ең ірі Ұлттық газмұнай компаниясы «ҚазақОйл» құрылды. Компания Қазақстан атынан барлық ірі мұнайгаз кәсіпорын салалар жобаларына қатысу құқығына ие болды. 1997 жылдың 2-сәуірінде мұнай тасымалдайтын «ҚазТрансОйл» Ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы республикамызда газ мұнай кәсіпорындарын жекешелендіру басталды. 1997 жылы ең бірінші болып АҚ «Ақтөбемұнайгаздың» (60%) бақылау акция пакеттері Қытай Ұлттық мұнай компаниясына (ҚҰМК) сатылды.

1997 жылдың 18 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда болған уақытында «Қарашығанақ» мұнайгаз кен орын жеріндегі газмұнай өнімінің бөлісуіне соңғы келісім шарт жасалды. Қазақстан Республикасының үлесі – 80% құрады. Құрамға «Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымдары» (ИҚҰ, Karachaganak Petroleum Operating ), (Италяндық) «Аджип» (32,5%), Британдық «Бритиш Газ» (32,5%), Америкадық «Тексако» (20 %), ресейлік «ЛУКойл» (15%) кірді.

1997 жылдың 18 қарашасында Каспийдің солтүстігіндегі өнімдерді, компания «Аджип», «Бритиш Газ», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь», және «ҚазақстанКаспийШельфі» арасында бөлісу туралы келісімге қол қойылды. Бұл СРП шарт бойынша келісімге қол қойылғаннан бастап барлау әдісі 6 жылды құрайды, егер қажет болған жағдайда СРП өз күшін жоймаған уақытына дейін, тағы, екі жылға ұзартуға рұқсат етілген, мердігерлік учаскіні екі жылдан он жылға дейін ұзартуға, өнімді өндіру – 20 жылға дейін.

1998 жыл

1998 жылдың қаңтарында Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлісу туралы келісім орындала басталды. 1998 жылдың 14 шілдесінде Қазақстанның Каспий шельфіндегі ең бірінші мұнай ұңғымасын бұрғылау бастады. Ұңғыма «Кұлтұқ өлген» деген жерде, мұнайды, біріккен қазақстан-америка кәсіпорны «Арман» бұрғылады. Ұңғыманы бұрғылау үшін, арнайы таяз жерден жасанды берма аралы салынды. 1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен шетел инвесторлардың кеңесі болды, оған Қазақстанда жұмыс істейтін ең үлкен мұнай компанияларының басшылары қатысты.

1999 жыл

1999 жылдың мамыр айында Каспий құбырының Консорциум құрылысы басталды.

1999 жылдың маусым айында Астрахан кәсіпорынының «Астрахан кемесі» суға «Сұңқар» атты жүзетін бұрғылау биржасын жіберді. 1999 жылдың 12 тамызында Қазақстан секторындағы Каспий шельфі ОКИОК бірінші «Шығыс Қашаған - 1» ұңғымана бұрғылау ісін бастады.

1999 жылдың қыркүйегінде Атырауда, Қазақстан аймағынан алғашқы рет мұнай алғаннан бергі – 100 жылдық мерейтойы тойланды.

2000 жыл

2000 жылдың ақпай айында мұнай тасымалдаушы Ұлттық «ҚазТрансОйл» компаниясы, «ҚазТрансГаз» еншілес компаниясын құрды. 2000 жылдың жазында «ҚазТрансгаз» республика бойынша энергетика және газ тасымалдау жүйесін толық иемденді. 2000 жылдың ең жарқын жаңалығы болып, Қазақстанда Солтүстік Каспий шельфінен мұнай кен орны табылды. (Қашаған мұнай кен орны) .

2000 жылдың маусымында Қазақстан, «Қазақойл» Ұлттық компаниясы «Шеврон» компаниясына 5 % үлесін 450 млн. долларға сатты, өзінде 20 % акция пакеті сақталынуда.

2000 жылдың шілдесінде «ҚазТрансГаз» Жамбыл облысындағы Амангелді тобымен мұнай кен орнын өңдеу жұмысына кірісті. 2000 жылдың қарашасында Теңіз мұнай кен орнының Новосибирск портымен қосылатын КТК құбыр проводын соңғы құбыры жапсарласты.

2000 жылы Қазақстан Республика Президентінің бұйрығымен, «Ұлттық қор» құрылды. Бұл болашақ ұрпақ үшін, қаржының жиналуы елдің экономикасын ішкі және сыртқы қауіпсіз факторлардан сақтау үшін өте қажет. Қордың активтары Қазақстандан секторындағы ірі шикізат кәсәпорындарынан (ең бастысы мұнай компаниялары) және инвестициялық табыс соммалары есептілінеді.

2001 жыл

2001 жылдың ақпанында Қазақстандағы Солтүстік Каспий мұнай кен орнын өңдеуге Италяндық топ «ЭНИ» компаниясы оператор ретінде таңдалынды.

2001 жылдың 26 наурызында Атыраудағы КТК құбыр желісі жүйесі бойынша «Тенгиз-Новосибирск» мұнай айдау ісі басталды. 1480 километрлік құбыр жүйесін толтыруға 1 млн.тонн мұнай керек. 2001 жылдың 2 мамырында Қазақстан Үкіметінің жарлығымен мұнай және газ магистарлды құбырын басқару үшін, Ұлттық «Мұнай және газ тасымалдау» компаниясы құрылды. МГТ) Жаңа компанияға ЖАҚ «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» мемлекеттік пакет акциялары берілді. 2001 жылдың 3 тамызында Мәскеу Каспий құбырынан мұнай тасу консорцум (КТК) келісім шартын бекітті.

2001 жылы 30 тамыздан – 2 қыркүйек аралықтарында Атырау облыстарынан «Доссордың» 90-ға жуық мұнай кен орны анықталды. Үздіксіз мұнай өндірі бұл мұнай кен орнында 1991 жылдан бастап іздестіріліп келеді. 2001 жылдың 28 қарашасында бірінші рет Қара теңіз портынан Новосибирскіге теңіз мұнайымен танкер жолға шықты.

2002 жыл

2002 жылдың 20 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнайгаз эконимака секторында, Қазақстан Республикасының қызуғышылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнайгаз кешені дамыту үшін Ұлттық акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» құрылды – 100 % мемлекеттік үлеспен. АҚ «ҚазМұнайГаз», ЖАҚ «ННК «Қазақойл» және ЖАҚ «НК «Мұнай және Газ тасымалдау» құқықытық мирасқор болып келеді. 2002 жылдың 3 мамырында Н.Назарбаев және В.Путин тарихи құжатқа қол қойды – яғни, Каспий теңізінің солтүсті бөлігін, Ресей және Қазастан өзара ынтымақтастықта бөлу туралы протоколға қол қойылды. 2002 жылдың 23 маусымында «Кенқияқ-Атырау» мұнау құбырының құрылысы басталды.

2003 жыл

2003 жылдың 16 мамырында Қазақстан секторындағы Каспий теңізін игеру туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. (ҚСКТ) 2003 жылы тамызда Н.Назарбаев КТК экспорт құбыры арқылы өтетін бірінші Қарашығанақ мұнай кен орнындағы мұнайын жіберу рәсіміне қатысты. Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымы (ИКҰ) , Қарашығанақ мұнай кен орны КТК мұнай құбырымен байланысқан мұнай құбыры арқылы тамыз айында, шикізат өндеу туралы жаңа кешен құрылысын бастады. Іске асатын кешен, тұрақты түрде конденсат алуға және тербетілген артық газды қайта жер қойнауына бағыттау болады.

2003 жылдың желтоқсан айының аяғында «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компаниялары, Қазақстан секторындағы Каспий теңізіндегі «Аташ» және «Тюб-Қараған» жерлерін өңдеу туралы СРП қол қойды.

2004 жыл

2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб-Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы өнімдерді, көмірсутекті шикізат компанияларын туралы негіздік. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді.

2005 жылы наурызда АҚ «ҚазМұнайГаз» Солтүстік-Каспий жобасымен, Бритиш газдың жарты үлесін 8,33 % иемденді.

2005 жылдың мамырында Ақтауда «Астана» мұнай танкерінің рәсімі болып өтті, Қазақстандағы Теңіз флотының алғашқы туу кезеңі. 2005 жылдың маусымында АҚ «ҚазТрансГаз», АҚ «Алматы Пауэр Консолдейтед» 100% пакет акциясын иемденді, сонымен қатар «Тбилгаз» газ тасымалдау компаниясының 100% пакет акциясында алуға, меморандумға қол қойды. 2005 жылдың 6 маусымында «Құрманғазы» жүйесін АҚ МНК «ҚазМұнайТениз» және ООО «РН-Қазақстан» біріге отырып атқаратын іс-шаралар туралы СРП қол қойды. 2005 жылдың 11 қарашасында ААҚ «Газпроммен» 2006-2010 ж.ж. аралықтарында Қазақстан Республикасының аймағы арқылы, ортаазия және ресей газын тасымалдау туралы келісім қиылды.

2006 жыл

2006 жылдың 12 мамырында мемлекет Басшысының қатысуымен Атыраудағы МӨЗ реконструкция жобасының аяқталғанын және зауытқа жаңа қондырғылардың қоюына байланысты салтанатты рәсім болып өтті. 2006 жылдың маусымында АҚ «ҚазМұнайГаздан» PetroKazakhstan – 33% акция үлесін және ЖШС «СП «ҚазГерМұнай» 50% акция үлесімен өз келісімдерін аяқтады. 2006 жылдың 20 маусымында «Атасу-Алашонкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырына коммерциялық эксплуатация басталды. 2006 жылдың қазанында Лондондық қор биржада «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясының акциясы қосылды.

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос