қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-тың сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мен принц
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Даму стратегиясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары (бұдан әрі - Компания) қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның тұрақты экономикалық дамуын, тұтастай алғанда елдің мұнай-газ кешенін дамытудан Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды.
Осымен қатар Компания қоғамның алдында өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, Комапния қызметінің аудандарында тұрып жатқан қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін жауап береді.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру;
қауіпсіз еңбек жағдайын және Компания қызметкерлері мен Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығын қорғау;
өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту.
Осы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірінші кезектегі міндеттердің бірі Компанияда ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарттары мен OHSAS 18001 спецификасының талаптарына жауап беретін сапаны басқару жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі болып табылады.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметі мынадай принциптердің сақталуына негізделген:
Компания қабылдайтын шешімдер мен оның өндірістік қызметінің Жалғыз акционердің және тұтастай алғанда қазақстандық қоғамның мүдделеріне, сонадай-ақ Компанияның тұрақты экономикалық даму мақсаттарына сәйкес келуі;
Компанияның тауарлары, жұмыстары және (немесе) көрсететін қызметтері сапасының ұлттық және халықаралық стандарттарға, сондай-ақ тапсырыс берушілердің және (немесе) тұртынушылардың негізделген талаптарына сәйкес келуі;
Қоршаған ортаға теріс әсерді, жарақаттану мен кәсіби сырқаттануды азайтуды қамтамасыз ету үшін Компанияның өндірістік-техникалық даму деңгейін арттыру;
Компания тауарларының, жұмыстарының және (немесе) көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға және Компанияның өндірістік қызметінің қоршаған ортаға, Компания қызметкерлері мен  осындай әсерге ұшыраған аудандар тұрғындарының денсаулығына теріс әсерін азайтуға бағытталған өндірістік процестерді ұдайы жақсартып отыру;
Компанияға тауарларды, жұмыстарды беретін және (немесе) қызметтер көрсететін ұйымдарға Компанияда қабылданған және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының шеңберінде сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы  саласындағы стандарғарға сәйкес келу талаптарын қою;
Компания қызметкерлерінің сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіби біліктілігін, құзыретін және хабардар болуын тұрақты арттыру, Компания қызметкерлерін корпоративтік басқару және өндірістік қызметті жетілдіруге белсене атсалысуға ынталандыру;
Компанияның Жалғыз акционердің, серіктестердің, Компания қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және басқа да мүдделі тараптардың алдында қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы ақпараттық ашықтығы.
Осы Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің  мақсаттары мен принциптері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары үшін ортақ болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тараптарға ашық және қол жетімді болып табылады.
16.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос