қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Қашаған
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 

Атыраудан оңтүстік-батысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан Қашаған кен орны Қазақстанда ең ірі теңіз кен орны болып табылады. Қашағанның алаңы – 75 км x 45 км. Кен орны ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында туған белгілі Қазақстан ақынының атымен аталды.

1960-шы жылдары Алясканың Солтүстік Баурайында ашылған Prudo Bay кен орнынан кейін Қашаған соңғы отыз жылда ашылған ең маңызды жаңалық деп есептеледі.

Қашаған кен орны бірінші барлау ұңғымасын (ВК-1) бұрғылау нәтижесінде, 2001 жылдың шілдесінде ашылды. Бұл ұзақмерзімді жоба, оны «Аджип ККО» компаниясы жүзеге асыратын болады. Қазіргі бағалау бойынша ықтимал геологиялық қорлар 38 миллиард баррель мұнай болды, оның ішінде, қойнауқатқа газды айдау технологиясы қолданылған жағдайда 13 миллиарды алынуы ықтимал.

Осы кен орнын және Солтүстік Каспийдегі басқа да бірқатар құрылымдарды игеру үшін ҚР Үкіметі Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімде (ӨБК) тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, белгілі бірқатар шетелдік компанияларды тартты. 1997 жылдың 18 қарашасында ӨБК-ге қол қойылды және онда Каспий теңізінің қазақстандық секторында он бір блокты игеру көзделген.

Үкіметтің 2002 жылғы 25 ақпандағы №248 қаулысына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ӨБК-де мемлекеттік мүдделерін білдіру бойынша Өкілетті орган болып белгіленді. Игеру және Өндіру кезеңі – екі рет 10 жылға жалғастыру мүмкіндігімен Мердігерлік учаске үшін Коммерциялық ашылу күнінен бастап 20 жыл.

«Agip Kazakhstan North Operating Company B.V.» компаниясы ӨБК шеңберінде жалғыз оператор болып табылады және құрамына жеті халықаралық мұнай компаниясы: «Eni» үлесі 18,52%, «ҚазМұнайГаз» (8,33%); «ExxonMobil» (18,52%); «Shell» (18,52)%; «Total» (18,52%); «ConocoPhillips» (9,26%), «Inpex» (8,33%) кіретін консорциумның атынан іс-қимыл жасайды.

Қашаған кен орнын игеру

Игерудің ағымдағы жоспары мен бюджетіне сәйкес Қашаған кен орнын үш кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:

1. 2002 – 2010 жылдары 2008 жылдан бастап кен орнының шығыс бөлігін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру арқылы игерудің басталуы және жылына 21 млн. тоннаға дейін (тәулігіне 450 мың баррель) мұнай деңгейіне қол жеткізу;

2. 2010 – 2014 жылдары игеру учаскесін кеңейту және жылына 42 млн. тоннаға дейін (тәулігіне 900 мың баррель) мұнай өндіру деңгейін ұлғайту;

3. 2015 – 2041 жылдары игеру учаскесін одан әрі кеңейту және жылына 56 млн. тоннаға дейін (тәулігіне 1200 мың баррель) мұнай өндірудің барынша үлкен деңгейіне қол жеткізу

16.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос