қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Теңіз
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

1979 жылы ашылған Теңіз кен орны әлемдегі үлкен кен орындардың бірі болып саналады. Ол өте тереңде орналасқан. Тереңдігі - 3810 м, ені – 19 км, ұзындығы – 21 км. Мұнай қабатының қалыңдығы - 1,6 км.
1993 жылы ҚР Үкіметі «Chevron» компаниясына қосып «Теңізшевройл» ЖШС  БК құрды. Бүгінде  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%),  «Chevron Overseas» (50%), «Exxon Mobil» (25 %),  «LukArko» (5 %) компаниялары әріптестері болып саналады.
ТШО жұмыстарының негізгі бағыты көмірсутек қорын геологиялық барлау, өндіру және өткізу болып табылады. Теңіз кен орны мен одан сәл кішірек, бірақ үлкен қоры бар Королевское кен орны жобаның  лицензиялық бөлігі болып табылады.
Өндірілген шикізаттан ТШО ең соңында бірнеше өнім шығарады, Ең негізгісі – тұрақтандырылған мұнай. Ілеспе газдан - өткізетін құрғақ газ, пропан және бутан өндіріледі. Бұдан басқа Теңіз мұнайындағы деңгейі жоғары күкірсутектен  күкірт өндіріледі.
Соңғы жылдары ТШО құрылған кезде құрылыстары басталған объектілер өз жұмыстарын бастады. Осы объектілерді іске қосу нәтижесінде  әлемдік үлгіге сай өнім өндіру, қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту және өнім өндіруді жоғарылату мүмкін болды.

ТШО ӨНІМДЕРІ

Тұрақтандырылған мұнай

Теңіз мұнайы өзінің жоғары сапасына байланысты әлем нарығында жоғары бағаға ие. ТШО-ның көмірсутектің жеңіл молекулаларынан құралған өткізетін таза мұнайы өте «жеңіл» болып есептеледі, сол себепті мұнай өңдейтін зауыттарда бұл мұнайдан бензин, дизел отыны тағы да басқа өнімдер оңай алынады.

Өткізетін газдар

2000 жылға дейін (жаңа объектілер іске қосылмастан бұрын)  ТШО-да өндірілетін газ сапасы төмен болғандықтан тұтынушылар арасынан сұранысқа ие бола алмады, сондықтан оларды алдын-ала зиянды заттардан арылтып, жағып жіберуге тура келіп отырды. Бұл атмосфераның ластануына әкеліп соқтырды.
2000 жылдан бастап ТШО-да тұтынушыларға толығымен өткізілетін жоғары сапалы құрғақ газ өндіріле бастады.
2001 жылдан бастап газ шикізатын пропан және бутан газына дейін өңдей алатын жаңа объектілер салынды. ТШО газы әлемдік деңгейдегі сапаға жеткізіліуінің нәтижесінде ол тек жергілікті ғана емес, Еуропа елдерінің сұранысына да ие бола бастады.

Күкірт

Мұнай шикізатын күкірсутегінен тазалау процессінде алынатын қосымша өнім – кәдімгі күкірт (S) бағалы шикізат өнімі болып есептеледі және  әлем рыногында үлкен сұранысқа ие.
ТШО кен орнын пайдалану барысында  бірнеше жылдардан бері сатуға арналып өте көп күкірт өндірілді, олар монолитті қатты блок түрінде сақталынады. Әлемде үлкен сұранысқа ие бола тұра ТШО-дағы сұйық күкіртті өткізу қарқыны өндіру қарқынынан  артта қалып отыр. Осы проблеманы шешу мақсатында, өткізу рыногын кеңейту мақсатында ТШО қабыршақты және түйіршекті күкірт өндіретін қондырғының құрылысына 60 млн. доллар ақша бөлді.
Қабыршақты және түйіршекті күкірт арнайы  жасалған қаптарға салынады,  тұтынушыға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көліктің де қажеті жоқ, тиеуге де оңай.
2002 жылдың қарашасында қазақстандық-канадалық жоба бойынша аптасына 600 тонна қабыршақты күкірт шығаратын алғашқы өндірістік құрылғы іске қосылды. 2003 жылы аптасына 2200 тонна түйіршекті күкірт шығаратын құрылғының құрылысы аяқталды.

ТШО-ның ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.

ТШО технологияларды жетілдіруге және кәсіпорынның қуатын біртіндеп күшейтуге және сонымен бірге қоршаған ортаға тигізетін зиянды азайтуға ылғи да үлкен көңіл бөліп отырады.
Мысалы, 2000 жылы «Нитки 5» және 2001 жылы «Бағдарлама 12» жобаларын іске асыру нәтижесінде мұнай өндіру жылына 30% немесе  13 млн. тоннаға дейін көтерілді.

«Екінші толқын» жобасы (ЕТЖ)

Қазіргі уақытта ТШО-да ЕТЖ жобасы бойынша жылына 7 млн. мұнай өндіріп, өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай Теңіз жаңа зауытының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа технологияларды қолдану зауытта шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыстың аяқталуы 2007 жылға жоспарлануда.

Шикі мұнай айдау жобасы (ШМАЖ)

ТШО бүгін бастапқы өндіру режимінде жұмыс істейді, мұнай мен газ насостың көмегінсіз қабаттағы қысым арқылы скважинамен өзі келеді. Бұл мұнай алуды жоғары деңгейге көтереді, бірақ қабаттағы қысым табиғи түрде төмендейді. Сондықтан газ шикізатын айдау арқылы қабаттағы қысымды біртіндеп қалпына келтіре отырып екінші рет өндіру әдісі арқылы мұнай алуды жоғары деңгейге көтеруге болады.
Газ шикізатын мұнай коллекторына кері айдау бір жағынан мұнай өндіруді жоғары деңгейге көтерсе, екінші жағынан ілеспе газды пайдалану қажеттігі жоғалады (қосымша өнімдерді өткізу, сақтау және қайта өңдеу, күкіртсутектен күкірт өндіру). Бұл жағдай өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтады, сонымен бірге кез-келген уақытта қабаттан өндіріліп, болашақта пайдалануға болатын газ қоры сақталады.
Газ шикізатын айдауды бастау 2007 жылы іске асырылмақ.
 ЕТЖ және ШМА жобалары өткізетін мұнайды өндірудің жылдық жалпы көлемін 11 млн тоннаға дейін арттырмақ. Бұл  жаңа жобалар ТШО тарихындағы ең ірі жобалар болып есептеледі, және бұл ТШО қызметкерлері мен серіктестеріне ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасына экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде.

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос