қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Қарашығанақ
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кеніші (ҚМГКК) 1979 жылы ашылып, кенорнын игеру ісі 1984 жылы басталды.

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен өзіне Бритиш Газ, Аджип, ШевронТексако және Лукойл компаниялары кіретін шетелдік компаниялар Одағының өзара жасасқан Өнімді Бөлістіру туралы Ақырғы Келісім (ӨБАК) шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылдың 20 ақпанынан бастап жоба бойынша Уәкілетті орган ретінде  «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ компаниясын тағайындады.

 ӨБАК-ға 1997 жылдың 18 қарашасында қол қойылды, 1998 жылдың 27 қаңтарында күшіне енді,
келісімнің мерзімі 40 жыл.

Қазіргі кезде кенорнын игеру әрекеті НИПИмұнай-газ (Ақтау қ.) құрастырған және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Орталық игеру жөніндегі комиссиясы 2000 жылдың 31 наурызында бекіткен  «Қарашығанақ кенорнын игерудің технологиялық сұлбасына» сәйкес жүргізілуде.
ӨБАК (2007 жылдың сәуіріне дейін) күшіне енгізілген уақыттан бері Қарашығанақ кенорнында 54 млн. тоннадан астам сұйық көмірсутегі (СК) жидких углеводородов (ЖУ) және шамамен 58 млрд. текше м газ өндірілген.
Аталмыш кенорнын 3-кезең шеңберінде толық ауқымды игерген жағдайда өндіру саласына сәйкес келісімшарттық кезең ішінде шамамен 347,2 млн. тонна сұйық көмірсутегі мен 988,4 млрд. текше м газды өндіру жоспарланып отыр.

Қарашығанақ жобасының экономикасы
ӨБАК күшіне енген уақыттан бері және 2007 жылдың басында іс-жүзіндегі күрделі және пайдалану шығындарының жиынтық сомасы 7,4 млрд. АҚШ долларынан артық шаманы құрайды.
2004 жылдан бастап мердігерлік компаниялар корпоративтік табыс салығын төлей бастады.
2006 жылы салықтық төлемдер 785,9 млн. АҚШ долларынан артық шаманы құрады, мұнысы 1998-2005 жж. аралығында түскен салықтардың қосынды жиынтығынан асады.
ӨБАК әрекет ете бастаған уақыттан бері және 2007 жылдың II-тоқсанына дейін салықтық түсімдердің жалпы сомасы 1,4 млрд. АҚШ долларынан жоғары соманы құрады.
ӨБАК-пен ескерілген өнімді бөлістіру механизміне сәйкес Келісімнің бүкіл мерзімі бойы жобаның табыстары 98,2 млрд. АҚШ долларынан (АҚШ долл.) артық соманы құрамақ:

Мердігердің табысы (өтемақылық және пайдалық шикізат) 60,0
Мердігердің табысы (салықтарды шегергендегі) 39,3
Республиканың табысы (Республиканың пайдалық шикізаты, салықтар, бонустар мен әлеуметтік жобалар) 58,9
Қарашығанақ кенорнының ӨБАК сәйкес  3-кезеңдегі игеру кезінде сұйық көмірсутегілерді өндіру көлемі жылына  11 млн. тоннадан артқан жағдайда және  соған сәйкес газ өндіру көлемінің артуы жағдайында Газ жобасын жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Газ жобасы – бұл жылына 5-тен 10 млрд. текше метрге дейінгі көлемдегі газды өңдеуден өткізуге арнап есептелген кәсіпорын, сондай-ақ тазартылған газды өткізу нарықтарына дейін жеткізуге арналған газ құбырын салу.
Әлеуметтік бағдарлама
ӨБАК-ға сәйкес Мердігер Батыс-Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын 40 жыл бойы жыл сайын 10 млн. АҚШ долларынан аударумен жыл сайын қаржыландырып отыру міндетін қабылдады.
Барлығы 1998-2006 жыл аралығында  әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 119 млн. АҚШ долл. бөлінген болатын, соның ішінде:
Орал қ. Терапевтикалық бөлімшесі
Ақсай қ. Ауруханасы
Островский атындағы Қазақ драма театры
Жүзу бассейні және басқа да әлеуметтік нысандар
16.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос