қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Жылжымалы жобалар
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

Теңіз жобалары

Құрманғазы

Құрманғазы учаскесі Солтүстік Каспийде орналасқан. Жақын арадағы Баутино порты 80 км. қашықтықта.
Құрманғазы учаскесінің алаңы 1632 км2.
Құрманғазы құрылымы 5 метрден 7 метрге дейінгі су тереңдігімен сипатталатын теңіз ауданында орналасқан. Табанындағы рельефтің шағын еңістері бар, су тереңдігі оңтүстікке қарай ұлғаяды.
Юра-мел шөгінділері Құрманғазы құрылымының анағұрлым ықтимал мұнай перспективалы кешенін ретінде бөлінеді. Алайда зерттеліп жатқан алаңдағы сейсмикалық-барлау жұмыстар материалдарының деректері бойынша триас шөгінділерінде де көмірсутегі иірімдері табылуы мүмкін.
2005 жылы 6 шілдеде ҚР ЭМРМ мен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және «РН – Қазақстан» арасында ӨБК-не қол қойылды. Сонымен қатар «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ мен «РН – Қазақстан» арасында «Құрманғазы құрылымын бірігіп игеру Келісіміне» қол қойды. Онда жобаны жүзеге асыруға қатысты екі тараптың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 
Жоба бойынша теңіз мұнай операцияларын «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-тың 100%-тік еншілес ұйымы болып табылатын қазақстандық операциялық «Құрманғазы  Петролеум» ЖШС компаниясы жүзеге асырады. 2006 жылғы 12 сәуірде тереңдігі 2000 м. Алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау басталды.
Келісім-шарттық аумақта алғашқы барлау ұңғымасын салу жөніндегі жұмыстар 2006 жылғы 11 маусымда аяқталды.
Алынған зерттеу қорытындылары құрылымның физикалық өлшемдері жобалық модельден ерекшеленетінін анықтауға мүмкіндік берді.
«Құрманғазы» құрылымының геологиялық моделін нақтылауға бағытталған бұдан арғы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болады.
Алынған барлық геологиялық-геофизикалық деректер талданғаннан кейін Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделген, оның ішінде барлау ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстардың міндетті бағдарламасын орындау жөніндегі барлау жұмыстары жалғасатын болады.

Хвалынское

Хвалынское кен орны аумақтық тұрғыдан «ЛУКОЙЛ-Нижневолжскнефть» ЖШҚ-ның (22.01.03 ж. №11386 ШКС лицензиясы) лицензиялық учаскесі орналасқан Каспий теңізінің солтүстік су айдынына жатады. Жақын арадағы ресейлік жағалаудың учаскесіне дейінгі қашықтық 100-120 км.
Хвалынское кен орны ауданындағы теңіздің тереңдігі 25-30 м (шығыс бөлігінде 40 м-ге дейін).
Геологиялық-барлау жұмыстарының қорытындылары бойынша бор астындағы және жоғары юралық шөгінділердегі газ, конденсат пен мұнай мемлекеттік балансқа алынды.
1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісіміне 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға сәйкес көмірсутегі ресурстарын игеру бірлесіп жүзеге асырылады. Дәл осы құжатпен жоба бойынша жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қазақстандық тарап жобаға конкурссыз қатысуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 мамырдағы №637а қаулысына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Хвалынское» кен орнының көмірсутегі ресурстарын барлау және игеру жөніндегі қазақстандық уәкілетті ұйым болып белгіленді.
2003 жылғы 18 сәуірде Мұнай-газ кен ресурстарын бірлесіп игеру принциптері туралы келісім жасалды. 2005 жылғы 14 наурызда «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ пен «ЛУКРОЙЛ» ҰК ААҚ кен орнын игеру үшін «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын құрды.
Тараптар Хвалынское кен орнын игерудің ТЭН игеруге  кірісті, ол аяқталғаннан кейін ӨБК шарттары бойынша РФ Үкіметімен келіссөздерге бастамашылық етілетін болады.

Центральная

Каспий теңізін қабылданған аудандарға бөлуге сәйкес Центральный лицензиялық учаскесі Орта Каспий су айдынында орналасқан.
Центральная құрылымында КС иірімдерін ашу перспективаларына қатысты жер қойнауының учаскесі әкімшілік тұрғыдан Ресей Федерациясына жатады. Жағалауға дейінгі қашықтық 140-150 км. қаралып отырған учаскедегі теңіздің тереңдігі 100 метрден 600 метрге дейінгі диапазонда өлшенеді.
Сейсмикалық-барлау жұмыстарының қорытындылары бойынша Центральная құрылымы мұнай-газдылығының негізгі перспективалары төменгі мелдық және юралық шөгінділерге байланысты болады. 1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісіміне 2002 жылғы 13 мамырдағы хаттамаға сәйкес көмірсутегі ресурстарын игеру бірлесіп жүзеге асырылады.
«Центральная» геологиялық құрылымында жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №637а қаулысымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасынан жоба бойынша уәкілетті ұйым болып белгіленді. Ресей Федерациясынан «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ уәкілетті орган болып белгіленді.
2005 жылғы 14 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде консорциумды құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
ӨБК шарттары бойынша РФ Үкіметімен келіссөздер жүргізуге бастамашылық ету үшін «Центральная» құрылымы бойынша ТЭН әзірленіп жатыр.

Жамбай

«Оңтүстік Жамбай-Оңтүстік Забурунье» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-батыс бөлігінің суы таяз қайраңдық аймағында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 130 км. қашықтықта орналасқан. Учаскенің ортасынан батысқа қарай 130 км қашықтықта ресейлік ірі өнеркәсіптік қала – Астрахань теңіз порты орналасқан.
Кемелер үшін жақын арадағы порттар Атырау, Астрахань, Баутино, Ақтау болып табылады. Жұмыстар учаскесінің жанында Ганюшкино мен Аққыстау темір жол станциялары, Забурунье, Жаңаталап, Мартыши, Қамысты мұнай кәсіпшіліктері мен ауыл кенттері бар.
Бөлінген геологиялық жердің алаңы 2187,2 ш.км.
Ауыспалы аймақтағы судың тереңдігі 0-2 м және суы таяз жерде – 2- 4 м. Тұз үстіндегі шөгінділерде Оңтүстік Жамбай-Оңтүстік Забурунье учаскесінің мұнай-газдылығы перспективалары юралық-мелдық терригендік кешенге байланысты болады. Тұзасты шөгінділер бойынша учаскенің перспективалары орташа тас-көмір-төменгі пермдік терригендік-карбонаттық кешенге байланысты болады.
2001 жылғы 26 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес кәсіпорны – «Жамбай» ЖШС-мен Өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойылды.
2002 жылы гравиметрлік зерттеулер жүргізілді, 2003-2005 жылдары 1000 қума км. 2Д сейсмикалық-барлау жұмыстар жүргізілді.

Түпқараған

Түпқараған учаскесі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің орталық бөлігінде орналасқан. Учаскенің ортасынан Баутино кентіне дейін қашықтық – 40 км. 29.12.03 жылы «Түпқараған» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылды. Түпқараған учаскесінің ауданындағы теңіздің тереңдігі шамамен 7-10 метр.
Жұмыстар ауданындағы мұнай-газдылықтың негізгі перспектвиалары карбонаттық-терригендік, юралық-мелдық және, мүмкін, шөгінділердің триас кешеніне байланысты.
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ пен «Лукойл Оверсиз Шельф Б.В.» компанияларының Түпқараған учаскесі бойынша жобаны іске асыруы үшін әріптестердің тең қатысуымен Оператор – «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы құрылды. Түпқараған жобасы бойынша Оператордың қызметі Түпқараған учаскесіндегі геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
2004 жылы 675 км. көлемінде сейсмикалық-барлау жұмыстары жүргізілді, 2005 жылы тереңдігі 2500 м. барлау ұңғымасы бұрғыланды. Қазіргі уақытта учаскенің геологиялық моделін нақтылау үшін электр-барлау жұмыстары орындалады.

Аташ

«Аташ» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасқан. Жақын арадағы жағалауға дейінгі учаскенің батыс шекарасына дейінгі қашықтық – 90 км, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі Маңғыстау облысымен шектеседі. Құрылым ауданындағы теңіздің тереңдігі шамамен 1-40 метр.
«Аташ» учаскесінің мұнай-газдылығының негізгі перспективалары мұнай мен газдың иірімдерін анықтау көзделген шөгінділердің карбонаттық-терригендік юралық-мелдық және, мүмкін, триас кешеніне байланысты.
2003 жылдың 29 желтоқсанында ҚР ЭМРМ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «Аташ» учаскесі шегінде барлауды жүргізуге арналған келісім-шартқа қол қойылды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ пен «Лукойл Оверсиз Шельф Б.В.» компанияларына тең үлестермен тиесілі «Аташ компаниясы» ЖШС келісім-шартты орындайды.
2004 жылы Аташ құрылымында 1057 км. көлемінде 2Д сейсмикалық-барлау жұмыстары орындалды. 2005 жылы жаңа сейсмикалық деректерді және мұрағаттық сейсмикалық деректерді өңдеу, 2Д сейсмиканың геологиялық-геоофизикалық деректерін интерпретациялау және қайта интерпретациялау орындалды.

Жемчужины

Жемчужины учаскесі Солтүстік Каспийде орналасқан, учаскенің ортасынан Баутино кентіне дейінгі қашықтық 120 км.
Учаскенің аумағы теңіздің тереңдігі 8-10 метр аймаққа жатады.
«Жемчужина» учаскенің мұнай-газдылығының негізгі перспективалары юралық шөгінділерге байланысты.
Жоба ҚР Үкіметі мен Оман Султанатының Үкіметі арасындағы 1993 жылғы 31 мамырдағы Келісімге сәйкес іске асырылады. 2005 жылғы 14 желтоқсандағы ҚР ЭМРМ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «Омар Перлз» компаниясы «Жемчужины» жобасы бойынша ӨБК-ге қол қойылды. Кейін, «Омар Перлз» компаниясы мен «Шелл» компаниясы осы жобадағы үлесті қайта беру туралы тиісті келісімге қол қойды. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Омар Перлз» компаниясы мен «Шелл» компаниясы арасында тараптар жобаны іске асыру бойынша өзара құқықтар мен міндеттемелерді белгілеген «Жемчужины» құрылымын игеру бойынша бірлескен қызмет туралы келісім (БҚК) жасалды.
2006 жылы ӨБК бойынша ең аз жұмыс бағдарламасын орындау жоспарланды.

Н

«Н» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан және жалпы алаңы 7625 ш. км. Учаскенің ортасынан жағалауға дейінгі ең жақын қашықтық 75 км, ал солтүстік-шығыс шекарасы Маңғыстау облысының аумағымен шектеседі.
Учаскенің шегінде теңіздің тереңдігі 0-ден 340 метрге дейін өзгереді. Судың ең терең бөлігі учаскенің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Нұрсұлтан құрылымының күмбездік бөлігінде 29 метрге тең, Ракушечное-теңіз – 47 м.
Қаралып отырған учаскенің шегіндегі мел және юра-триас кешендеріндегі шөгінділер перспективалық болып табылады.
Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Н» учаскесінде ӨБК шарттары бойынша Құзыретті органмен (ҚР ЭМРМ) келіссөздерді аяқтайды.

Жамбыл

Жамбыл учаскесі Солтүстік Каспийде орналасқан, учаскенің ортасынан жағалауға дейінгі қашықтық – 60 км, Атырау портына дейін – солтүстік-шығысқа қарай 180 км, учаскенің алаңы 1188 кв. км.
Жұмыстар ауданындағы судың тереңдігі – 4-5 м.
Қолда бар геологиялық-геофизикалық деректер бойынша Жамбыл учаскесінде юралық және шөгінділердің төменгі мелдық кешендері перспективалық болып табылады.
2006 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ:
• Барлауға арналған келісім-шарттың талаптары бойынша келіссөздерді аяқтауды және ҚР ЭМРМ-мен Келісім-шартқа қол қойды;
• «Жамбыл» учаскесінде гравиметрикалық, электр-барлау жұмыстары мен 2Д сейсмикалық-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Абай

«Абай» учаскесі Бозащы түбегінің жағалауынан солтүстік-батықа қарай 60-70 км қашықтықта Каспий теңізінің қазақстандық секторының су айдынында орналасқан. Жұмыстар ауданындағы теңіздің тереңдігі 8-10 метр.
Абай учаскесінің тұз үстіндегі кешеннің шегінде зерттеудің негізгі объектілері мелдық, юралық және тристық терригендік шөгінділер болып табылады.
2005 жылғы 13 маусымда ҚР ЭМРМ ӨБК шарттарында жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды.
«Абай» учаскесі бойынша Өнімді бөлу туралы келісімнің талаптарында жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша Құзыретті органмен келіссөздерді жалғастыру жоспарланып отыр.

Исатай

«Исатай» учаскесі Бозащы түбегінің жағалауынан солтүстікке қарай 45 км қашықтықта Каспий теңізінің қазақстандық секторының су айдынында орналасқан. Жұмыстар ауданындағы теңіздің тереңдігі 6-7 метр. Исатай учаскесінің тұз үстіндегі кешенінің шегіндегі зерттеулердің негізгі объектілері мелдық, юралық және триас терригендік шөгінділер перспективалық болып табылады.
2005 жылғы 13 маусымдағы ҚР ЭМРМ ӨБК шарттарында жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдады, тікелей келіссөздердің хаттамасына қол қойылды.
2006 жылы Өнімді бөлу туралы келісімнің шарттарында жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша Құзыретті органмен келіссөздерді жалғастыру жоспарланып отыр.

Дархан

Дархан учаскесі Бозащы түбегінен батысқа қарай 11 км. қашықтықта орналасқан.
Жұмыстар ауданындағы теңіздің орташа деңгейі 3,0 - 5,0 м; су деңгейінің маусымдық көтерілуінің шамасы– 0,4 м. Теңіз түбінің рельефі көптеген құм банктермен, аралдармен және кемерлермен қиындатылған. Солтүстік бөліктің жағалаулық желісі айлақтармен және бұғазымен сипатталады.
Дархан учаскесінің перспективалары шөгінділердің юралық-мелдық кешенімен байланысты.
ӨБК шарттарында жер қойнауын пайдалану құқығын алу мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тікелей келіссөздерді жүргізуге өтінім берді.
Келісімнің шарттары бойынша келіссөздер аяқталғаннан және ӨБК-ге қол қойылғаннан кейін 2Д сейсмикалық-барлау бойынша дайындау жұмыстарын орындауға кірісуді жоспарлап отыр.

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос