қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Инфрақұрылым
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

Теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсету

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жөніндегі теңіздегі операцияларға тиімді түрде қатысу мақсатында «Казмортрансфлот» НМСК» АҚ шельфтегі жұмыстарды жүргізу үшін теңіздегі операцияларға қолдау көрсету флотын дамытуды жалғастыруда.

2003-2004 жж. 2005 жылы жүзеге асыруға арнап жоспарланып отырған теңіздегі операцияларға қолдау көрсету флотын құру мен сатып алу жобасы шеңберінде «КМТФ-1» теңіз класындағы тіркеп сүйрегіші сатылып алынды және «Астраханский корабел» (Астрахан, Ресей) кеме жасау зауытында  екі «КМГ-101» және «КМГ-102» алаңша-баржалардың құрылысы жүргізілді. Олар Каспий теңізінің қайраңында  мұнай-газ кенорындарын игеру жөніндегі операцияларға арналған жасанды аралшықтарды салуға арнап жүктерді тасымалдау жұмыстарына тартылған.

Теңіздегі операцияларға қолдау көрсетудің меншікті флотын (ТОҚФ) кеңейту шеңберінде «НМСК «Казмортрансфлот» НМСК» АҚ 2005 жылы А.М. Горький атындағы Зеленодол кеме жасау зауытында (Татарстан, Ресей) өздігінен жүрмейтін тағы бір алты алаңша-баржаның құрылысына арнап тапсырыс берді.

Жүк көтергішітігі 3,6 мың тоннаны құрайтын баржалар суы таяз аймақта құрғақ және сусымалы жүктердің тасымалын жүзеге асыруға қабілетті. Ұсынылып отырған тасымалдау қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында кеменің класын III СП-дан  II СП-ға (мұздық бекітумен) өзгерту арқылы алаңша-баржаның жобасын жетілдіру ісі жүргізілді. Мұндай жетілдіру кемелерді кеңейтілген жүзу аймағында пайдаланып отырға мүмкіндік береді.

2005 жылдың 3 желтоқсанында  Баутино айлағына екі КМГ-103 және  КМГ-104 алаңша-баржалар келіп жетті.  КМГ-105, КМГ-106, КМГ-107 және КМГ-108 алаңша-баржалары Баутино айлағына 2006 жылдың мамыр айында жеткізілді.

Сонымен қатар КМТФ шөгпесі аз екі арналы тіркеп сүйрегішті сатып алу мәселесін қарастыруда.

2004 жылы жасалған және сатып алынған кемелерді –«КМТФ-1» тіркеп сүйрегіші мен «КМГ-101» және «КМГ-102» баржасын ескерумен жобаны жүзеге асыруға арнап жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемі 20 млн. АҚШ долларын құрайды.

Атырау қ. халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын салу

Атырау халықаралық әуежайында жаңа ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) құрылысы 2004 және 2005 жж. аралығында жүргізілді.

ҰҚЖ-ға шамамен 30,3 млн. АҚШ доллары инвестицияланды. Атап айтқанда, Еуропаның қайта құру және даму банкі 25 млн. АҚШ доллар несие ақша, "ҚазМұнайГаз"ҰК» АҚ қаржылық көмек түрінде 5,1 млн. доллар, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ – меншікті қаражатының есебінен 176 мың. Доллар бөлді.

ҰҚЖ осындай түрдегі алғашқы жоба болып табылады, және Қазақстанның аумағында оған ұқсас нысандар жоқ, оның көптеген құрамдас бөліктерінің жобасы «ноу-хау» болып табылады және алғаш рет қолданылды.
Жабындарының арқалауыш қабілеттілігі Республика бойынша ең жоғары болып табылады – 84 (PCN). Жолақтың ұзындығы – 3 мың м, ені – 45 м, жасанды жабындарының ауданы 285 мың 820 шаршы метр.

ҰҚЖ барлық түрдегі әуе кемелерін қабылдап отыруға мүмкіндік береді, мұнысы әуежайдың табыстылық деңгейіне жағымды әсерін тигізуде.

Тұтастай алып қарағанда ҰҚЖ жобасын жүзеге асыру Каспий теңізінің Қазақстандық секторын дамыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының мұнай-газ аймағында жүк-жолаушылар айналымын арттыру тұрғысында қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мәселелердің шешілуіне ықпал етуде.

Кейінгі заманғы композиттік және синтетикалық материалдарды пайдалану ҰҚЖ-ны қалпына келтірусіз   20 жыл бойы пайдаланып отыруға мүмкіндік береді.

ҰҚЖ-ның төмендегідей ілеспе нысандары қайта құрылып және пайдалануға енгізілген:

  • II ИКАО категориясына сәйкес келетін жарықтық сигнал беру жүйесі
  • жарықтық сигнал беру жүйесін басқару ғимараты
  • әрекеттегі перронның бір бөлігі
  • 4  меңгеріктік жолдар
  • перронның прожекторлық жарықтары
  • ҰҚЖ мен перронның су қашыртқы жүйесі
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос