қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Халықаралық ынтымақтастық
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 

Тасымалдау бойынша жобалар:

1. «Қазақстан-Қытай» – мұнай және газ құбырының құрылысы Атасу-Алашанкөл магистралды құбыры 2005 жылы «ғасыр жобасы» деп аталынды. АҚ «ҚазТрансОйл» және CNPC басқарумен Қазақстан-Қытай компаниясы құбырдың тапсырыс берушісі және иесі болып табылды.

Атасу-Алашанкөл мұнай құбырының қашықтығы 962,2 км созылған. Оның 960 км Қазақстан аймағында болса, 2,2 км Қытайда. Бірінше кезеңдегі өтімділік қабілеттілігі жылына 10 млн.тонн құрайды, келесі кезекте 20 млн.тонн. ұлғайтылмақ. Инвестицияның жалпы көлемі АҚШ долларымен 806 миллион болды.

Бүгінгі күні, табысты тәжіребиелердің негізін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай мемлекеттері Атасу-Алашанкөл мұнай құбыры құрылысын жеделдетіп аяқтауды және тың жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастығының айғағының дәлелі: «Екінші кезеңдегі мұнайқұбырын құрылысы Қазақстан-Қытай мен АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» арасында және Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясымен негізгі жүйелер туралы келісімге қол қоюы.

Бұл құжат Астана мен Пекиннің екеуаралық энергетикалық ынтымақтастыққа белсенділігін арттырып, өткір қызығушылығын жариялап өтті. Сонымен, екінші кезеңдегі Қазақстан-Қытай мұнайқұбыры бірнеше біріктескен жобаларды қамтыды:

Жаңа «Кенқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысы Құмкөл-Қарақойын – Атасу бөлімшелерінде АҚ «ҚазТрансОйл» мұнайқұбырында техникалық және экономикалық жағдайы тиімсіз болып жатса, жаңа мұнай құбырының құрылысы жүретін болады.

«Атасу-Алашанкөл» мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңін орындау

«Кенқияқ-Атырау» мұнай құбырынының реконструкциясы

Екі жақ «Кенқияқ-Құмкөл» мен «Құмкөл-Атасу» бөлімшесінде мұнай құбырының құрылысын, болмаса, қайталап құрастыру жұмысын 1 қазан 2009 жылы аяқтауды жоспарлар отыр.

Қазақстан жағы «Кенқияқ-Құмкөл» құрылысын жоспарлауда, яғни бұрынан қолданыстағы «Кенқияқ-Атырау», «Құмкөл-Атасу», «Атасу-Алашанкөл» мұнай құбырларымен байланыстыратын негізгі қорытындылаушы сызық болып табылмақ және ҚНР бағытына қарай Батыс мұнай көзі мен Орталық Қазақстаннан мұнай тасымалдаудың бірыңғай энерготранспорттық коридоры болып табылмақ.

Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысының жобасы:

2005 ж тамыз айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен CNPC Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысын инвестициялау негізінде бірігіп өңдеу туралы келісім жасады. Қазіргі уақытта осы шұғыл жобаның жүру желісі белгіленді: Бейнеу – Бозай – Қызылорда – Шымкент – Харгос. Әрбір белгіленген нышанның өзіндік меншікті тағайындауы болады. Бейнеу – Түрікмен газ беру мүмкіншілігі бар орын және Каспий аймағы газ көзі Бозой - өзбек газ беру мүмкіншілігі бар орын және Ақтөбе облысының газ көзі Қызылорда – Құмкөл газ көзінен газ беру мүмкіншілігі бар орын.

Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысын, екі бөлімшеде жүргізу жоспарлануда. Бірінші болып Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан, Қазақстан-Қытай шекарасына дейін, жылына 40 млрд. текше метр қуаттылық беретін құбыры құрылысын жасау.

Бірінші бөлімнің құрылысын 2009 жылдың аяғына дейінгі мерзімнен бұрын бітіру. Құрылыстың екінші кезеңі, Бейнеу-Шымкент желісі бойынша Қазақстан газын тасымалдау үшін мерзімнен бұрын 2012 жылы салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны орындау Түрікмен газын Қытайға тасымалдаумен қатар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі саудасына жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Барлау мен өндіру жобалары бойынша: Жоба «Жамбыл». 1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» кәріс бірлесітігімен бірлесе отырып екі жақты ынтымақтастықтың дамуы жолында жұмыс өзкізеді. 2005-2007 жылдар аяғында АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» және Кәріс бірлестігі Жамбыл бөлімшесінде көмірсутегі шикізатына барлау жүргізу жобасының Келісім шартын және бірлескен ынтымақтастықтың құжаттарын дайындау жұмыстарын өткізді. Қазіргі уақытта Кәріс Бірлестігімен арадағы келісім сөз кезінде, Жамбыл жобасы бойынша бірлескен іс барысын реттеу және келешектегі үлес қосудағы жеңілдіктерге байланысты құжаттарды реттеу туралы келісім аяқталды.

2. Жоба «Сәтбаев». Қазақстан-Үнді өкімет аралық комиссия, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық өнеркәсіптік, мәдениеттілік ынтымақтастығының бесінші мәжілесінде АҚ ҰҚ «ҚазМұнайГаз» және Үнді компаниясы «ONGC Videsh Limited» Каспий теңізі қыртысын барлау және өндіру облысында өзара түсіністілікпен 2005 жылы Меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандум шеңберінде «ONGC Mittal Energy Ltd» бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижелері барысында «Сәтбаев» бөлімшесі одан арғы қызметі жандардыруға ең ыңғайлы болып табылды.

2007 жылы сәуір айынан бастап бірлестік жаңадан құрылған «ONGC Mittal Energy Ltd» өнеркәсібімен «Сәтбаев» жобасының жұмысы өткізілді. Қазір осы «ONGC Mittal Energy Ltd» компаниясымен ынтымақтастық принциптері туралы келісім жасау мақсатында коммерциялық келіссөздер өткізу күтілуде.

3. Жоба «Дархан» 2005 жылдың тамыз айында «Дархан» жобасы бойынша Ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен Қытай Бірлестігі арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қою басталды.

Жоғарғыда айтылған Меморандум шеңберінде екі жақ бірнеше келісімге қол қойды, яғни ары қарайғы ынтымақтастықта геология - геофизикалық бірлескен зерттеу жүргізіп, «Дархан» бөлімшесінің берер пайдасын анықтау.

Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» Қытай жағының өтініші бойынша бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Содан соң ғана екі жақ негізгі коммерциялық, техникалық және экономикалық өткізу және сату жобасын талқылауда, қорытындысы, келісімнің принциптеріне дайындық болып табылмақ.

Мұнайхимия мен Мұнайөндіру облысындағы жобалар:

«Ақтау пластикалық өнім зауытындағы жол битум өндірісінің» жобасы. Өңдеуші «Shell Global Solutions» (Голандия) ТЭО компаниясы.

Ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы Батыс Қазақстанда жол битумы өндірісін салу туралы үндеу көтеруде. Бұл жоба бойынша Башқұрт Республикасы Мұнайөндіру институтында «Қазақстан Республикасында жол битумы өндірістік салудың тиімділігі» туралы техника-экономикалық есеп шығарылды. Мұнда Ақтау пластикалық өнім зауытындағы жол битум (АПМЗ) өндірісінің Қаражанбас мұнай кен орныдағы шикізаттарды, жоба бойынша тиімді жолмен өңдіру туралы дәлелденді

Қазақстан Республикасының Премьер Министрлігінің орынбасары А.Е.Мусин осы жылдың 16 ақпан айында бұл жобаны іске асыру сұранысы бойынша жиналыс өткізді. АҚ ҰК «ҚазМұнайГаз» компаниясына жобаның техника-экологиялық жағын өңдеуге тапсырма берілді. Дәл қазіргі уақытта, «Shell Global Solutions» компаниясы ТЭО жобасына кірісті. Қазіргі кезде «Shell Bitumen» лабораториясында Қаражанбас мұнай кен орнының мұнайыны талдауы аяқталып, затқа керекті сапалы битумның алынатыны анықталды.

Жобаның көрсеткіштері: Шикізат: Қаржанбас мұнай кен орнының жылына 1 млн.тонн көлемде шығады Өнім: жол битумы жылына 250-300 мың тонна. Дислокация орны: Ақтау пластикалық өнім зауыты Ақтау қаласы Қаржыландыру: АҚШ үлесімі бойынша 50 млн. доллар. Аяқталу мерзімі: 2009 жыл «МӨЗ «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» зауытына полипропилен құру құрылысы» жобасы. ТЭО жобасын Қытай CNPC компаниясы алдын ала өңделді.

«МӨЗ «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» зауытын қайталап құрыстыру үшін Қытай «East China Design Institute» жобалау институты мен Қытай CNPC компаниясы бірлесіп, аладын ала ТЭО Шымкент МӨЗ зауытында жаңартуларды өңдеді. Зауыт аймағында жаңа полипропилен құрылысын құру жоспарланып отыр. Полипропилен құрылысының қуаты жылына 80 мың тонна . Құрылыстың аяқталу мерзімі 2010 жыл.

Осы уақытта, бұл жоба бойынша негізгі кезеңдері талқылануда. (шығару графигі, жобаның шығуы үшін алғашқы негіздер)

Шымкент МӨЗ зауытын жаңаландырудың стратегиялық маңызы тек КМГ үшін ғана емес, сондай-ақ оңтүстік аудандарда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге еліміз үшін де маңызы зор.

Джейхандағы МӨЗ жобасы. Қазіргі уақытта АҚ ҰК «ҚазМҰнайГаз» Calik Energi және Indian Oil Corp.Ltd бірлестіктері Джейхан қаласында МӨЗ зауытының құрылысының бірлескен өндіру мүмкіншілігінің жобасын қарастыруда. Сондай-ақ (Италия) Eni.S.p.A компаниясы бұл жобаға қатысуға өзінің қызығушылығын танытып, 2007 жылдың 19 шілдесінде ат салушы үш компанияға арнайы хат жолдады. Бірақ, бұл әлеуметтік әріптестік туралы нақты шешім әлі қабылданбады.

Орынбор ГӨЗ базасында СП жасау. 2006 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет басшылары бірін-бірі қолдауға шешім қабылдады. Екі елдің өзара пайда қызметін берлесіп атқару және Қарашаған мұнайгаз кен орнынан газ көзін бірлесіп өндіру үшін Орынбор Газ өндіру базасын құру керек болды. Қарашығанақ мұнай кен орындарында жылына 15 млрд текше метр кем емес көлемінде өнім өндіруге болады.

2006 жылдың тамызынан бүгінге дейін Орынбор ГӨЗ базасында СП жасауды дамыту үшін төмендегідей құжаттар дайындалынды:

1. Орынбор ГӨЗ базасында негізі принциптерді құру және бірлесіп атқару үшін АҚ ҰК «ҚазМҰнайГаз» және ААҚ «Газпром» арасындағы келісімге Мәскеу қаласында 01.06.07 жылы қол қойылды.

2. Қарашығанақ мұнай кен орнындағы (ДКПГ) шикі газды сату-алу үшін Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг және ЖШС «ҚазРосГаз» компаниялары арасындағы шартқа Мәскеу қаласынада 31.05.07 жылы қол қойылды 3. Қарашығанақ кен орнындағы құрғақ газды сыртқа сату-алу үшін ЖШС «ҚазРосГаз» және «ЗМБ ГмбХ» компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді шартқа Мәскеу қаласында 31.05.07 жылы қол қойылды.

4. Қарашығанақ газын сату-алу барысындағы өзара кепілдік келісіміне АҚ ҰК «ҚазМҰнайГаз» қол қойды. Қарашығанақ жобасының еншілес компаниялары КПИ және ЖШС «ҚазРосГаз» келісімімен Мәскеу ОАО «Газпром» компаниясымен бекітті. Мәскеуде 31.08.07 жылы қол қойылды. (қол қоюдың соңғы мерзімі 31.08.07 жылға дейін)

5. Орынбор ГӨЗ базасында СП жасау үшін АҚ ҰК «ҚазМҰнайГаз» және ААҚ «Газпром» компаниялары арасында бірлескен жоспар жасалынып, келісім бекітілді.

Қазіргі уақытта ААҚ «Газпром» арқылы Орынбор ГӨЗ зауыты мүлігінің құны есептелініп, өткізіп беруге дайындалуда, ТЭО жаңалап жабдықтау мен ОГӨЗ қуатын қайта құрастыру жүргізілуде.

КПОның Қарашығанақ мұнай кен орнының кем дегенде үш кезеңі өндірілсе және осылардың берген анықтамасынан соң ғана Бастапқы компания құрылып, ОГӨЗ ның активін өткізіп беру жүргізіледі.

16.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос