қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Халықаралық басқару жүйесінің стандарттарын енгізу
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
2006 жылдың 5 сәуірінде халықаралық дәрежеде танымал болып келетін TÜV CERT сертификаттау жүйесінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына оның ықпалдастырылған басқару жүйесінің ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарт пен OHSAS 18001 өзіндік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынды 

TÜV CERT аудиторлары жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның сапаны, қоршаған ортаны қорғауды және еңбек қорғауды басқару жүйелерін қамтитын ықпалдастырылған басқару жүйесінің ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарт пен OHSAS 18001 өзіндік құжат талаптарына сәйкес келетіндігін мойындады.

Ықпалдастырылған басқару жүйесін (ЫБЖ) ендіру туралы шешімді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2004-2006 жылдарға арналған Ұлттық стандарттау мен сертификаттау жүйелерін дамыту жөніндегі Үкіметтік Бағдарламаға сәйкес 2004 жылы қабылдаған болатын. Аталмыш жүйені тиімді түрде әзірлеу мен ендіруді қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да ЫБЖ-ны әзірлеу мен ендіру қызметі құрылған, жұмыстық топ құрылды, іс-шаралардың жоспары бекітілді, халықаралық кеңесшілер тартылды.

2005 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлерінің көптеген саны оқытылып, негізгі бизнес-процестер белгіленіп және белгілі бір жүйеге келтірілген болатын, оларды орындау жауапкершілігі бөлініп жүктеліп, электрондық құжат айналымының ортақ жүйесі әзірленді.

Қазіргі кезде алты еншілес және тәуелді ұйым - «КазМорТрансфлот» НМСК» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «ТеңізСервис» ЖШС, «Қазақтың мұнай және газ институты» АҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ – халықаралық стандарттардың талабына сәйкес өздерінің басқару жүйелерін сертификаттаудан өткізді.

«КазТрансГаз» АҚ мен «КазРосГаз» АҚ халықаралық стандарттарды ендіру жөніндегі жұмыстарды аяқтау сатысында. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бірқатар еншілес компаниялары ағымдағы жылы халықаралық стандарттарды әзірлеу мен ендіру ісіне кірісуді жоспарлап отыр.

Ұлттық мұнай-газ компаниясы жүйесінде басқару ісін жақсарту жөніндегі жұмыс барлық деңгейде жүргізіліп жатқанының айқын мысалына «Интергаз Орталық Азия» АҚ («КазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы) өкілдеріне сапа менеджементі жүйесінің ISO 9001 талаптарына сәйкес келу туралы сертификатын ұсыну фактісі айналды. ISO 9001 халықаралық стандартына негізделген сапа менеджментінің қолданыстағы жүйесі газды тасымалдау мен өткізу қызметтерін ұсынудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сертификат ұсынылғаннан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы алғашқы үш жыл бойы TÜV CERT сертификаттау жүйесіне өзінің басқару жүйесінің халықаралық стандарттарға толық сәйкестікте қызмет етіп жатқандығын және соны жақсартуға арнап қажетті шаралардың қабылданып жатқанын көрсетіп отыратын болады.
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос