қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Мамандар саясаты
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
Біздің Компаниямыздың басты құндылығы Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген соның қызметкерлері болып табылады. Бүгінгі күні қызметкерлердің саны еншілес кәсіпорындардың есебімен 34 мың адамды құрайды.

Қажетті еңбек жағдайларын жасау және жеке және ұжымдық тұрғыдан даму мүмкіндіктерін ұсыну – Компанияның әлеуметтік және кадр саясатының басымдылығы.

Қызметкерлердің біздің Компаниясыздың стратегиялық даму бағыттарын жүзеге асырудағы рөлінің артуы қызметкерлерді басқару саласындағы ортақ саясатты әзірлеуге негіз болды.

Кадр саясатының негізгі құрамдас бөліктеріне төмендегілер жатады:

жұмыс бастылық саясаты, оған құрылымды, штатты қалыптастыру, еңбек ресурстарының қажеттігін жоспарлау, еңбек нарығын зерттеу, мамандарды іріктеп алу және бөлістіру («қызметкерлер әрқашан да бар») шаралары жатады;

ақпаратты, құндылықтар мен мақсаттарды жариялау саясаты, ақпарат пен біліммен тігінен, сондай-ақ көлденеңі бойынша еркін және уақытында өзара алмасып отыруға арнап жағдай тудыруға, корпоративтік мәдениетті дамыту мен жетілдіруге, мақсаттарды жариялау мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді бақылау жүйесін («қызметкерлер Компанияның мақсаты мен құндылықтарын біледі және соған қосылады») құруға арналған;

оқыту мен дамыту саясаты, қызметкерлерді даярлауға, оқытуға, дамытуға және кадр әлеуетін жоспарлауға арнап («қызметкерлер мақсатына қол жеткізе алады») қажетті жағдай тудырады;

ынталандыру саясаты, марапаттаудың Компания үшін әрбір позицияның құндылығымен және адам жұмысының нәтижелілігімен нақты байланысын тудырады,  Компания қызметкерлерін белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер жиынтығымен қамтамасыз етеді («қызметкерлер мақсатына жеткісі келеді»). 

Кадр саясаты жоғарыда аталған адами ресурстарды басқару салаларын дамытуда ықпалдастырылған көзқарасты қолданады.

Біздің Компания кадр саясатының, еңбек ресурстарын болжамдау мен жоспарлаудың беталыстарын, негізгі көрсеткіштері мен проблемалық жақтарын зерттеу мақсатында жыл сайын кадр жағдайына талдау  жасап отырады. Қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы бойынша белгілі түрдегі критерийлер қол жеткізген нәтижелерді талдау және қысқамерзімді және ұзақмерзімді кезеңдерге арнап мақсаттар қою үшін мұнай-газ компанияларының соған сәйкес көрсеткіштерімен салыстырылады (бенчмаркинг).

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос