қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
«Маман қоры» бағдарламасы
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 

«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Команданы таңдау» жобасы бойынша кандидаттарды іріктеуді жалғастыруда !

«Команданы таңдау» жобасы шеңберінде өздерінің сауалнамаларын қарастыруға арнап жіберген барлық ізденушілерге алғыс айтамыз !

Қойылып отырған ең аз көлемдегі талаптарға сәйкес келетін және ізденушілердің алдын-ала тізіміне енгізілген кандидаттар маусым айынан бастап тестілеу мен іріктеп алу рәсіміне қатысуға арнап шақырылатын болады. Қосымша ақпарат әрбір кандидатқа электрондық пошта арқылы жіберілетін болады.

Біз «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында жұмыс істегісі келетін және отандық экономиканы дамытуға өз үлесін қосқысы келетін барлық адамдардың сауалнамалары мен резюмелерін қабылдауды жалғастырудамыз!

«ҚазМұнайГаз» - бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің шамамен алғанда оннан бір бөлігі.

Бұл республикамыздың ұзақмерзімді экономикалық өсіп-өркендеуіне ықпал ету:

  • Бұл ұлттық мүдделерімізді қорғау;
  • Бұл Қазақстанның табиғи ресурстарын оңтайлы пайдалану мен кологиялық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Бұл іс-жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік;
  • Бұл ұзақмерзімді дамудың елеулі келешегі;
  • Бұл біздің ұлттық мүлдеміз.

«ҚазМұнайГаз» - Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу жолындағы соның сенімді тірегі.

«ҚазМұнайГаз» – мақсаттың айқындығы – істердің нақтылығы!

Біз қазақстандық мамандарға жақсы еңбек ету жағдайларын, кәсіби даму мен отандық экономикаға үлесін қосу мүмкіндігін, сондай-ақ жоғары еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуға әзірміз!

Біз «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына арнап кадрлар қорын қалыптастыру үшін тұрақты көшбасшылық қасиеттерге ие әртүрлі бағыттағы ең үздік мамандарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

Егер Сіздің жоғары біліміңіз болып, мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибеңіз 3 жылдан кем болмаса, сондай-ақ сіз ақпаратты талдау, шешім қабылдау және командада жұмыс істеу дағдыларын игерген болсаңыз, біздің сауалнамамызды толтырып, мына электронды мекенжай бойынша жолдаңыз hrd@kmg.kz

Құрметпен,

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Қызметкерлерді басқару департаменті

16.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос