қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
12 шілде 2005
“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындысы және 2005 жылға арналған жоспары.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы 2005 жылдың қаңтар-маусым айында 4 577 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 332 мың тоннаға артық. Мұнай өндірісінің артуы жаңа технологияларды қолдануға байланысты мүмкін болды. 2005 жылы 9  323 мың тонна көмірсутегі өндіру жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылдың алты айында “Атырау МӨЗ-ы” ЖШС-і 1 798 мың тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,4 пайызға көп. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы ресурсынан 1 306 мың тонна мұнай жеткізілді. Мұнай өнімдерінің шығарылымы да артты: бензин – 47,7 пайызға, дизель отыны -  32,1 пайызға, мазут – 69,3 пайызға.

2005 жылдың қаңтар-маусым айында  “ҚазТрансОйл” АҚ жүйесі бойынша  18 380 мың тонна мұнай тасымалданды. 2005 жылы 36 574 мың тонна мұнай тасымалданбақшы.              

2005 жылдың қаңтар-маусым айында  “Интергаз Орталық Азия” АҚ-ының магистральды құбыр жолдары арқылы 64,8 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,19 млрд. текше метрге  артық. 2005 жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалданбақшы.

Компания 2005 жылдың қаңтар-маусым айында 266 млрд. теңге табыс тапты, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,4 пайызға көп. “ҚазМұнайГаз” 2005 жылы 581 млрд. теңге кіріс кіреді деп жоспарлап отыр.

Компания қарқынды инвестициялық саясат жүргізуде. Өз қаржысы есебінен 35,8 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 32 млрд. теңге инвестиция салды. Бұл өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе көп. Компания 2005 жылы түрлі жобаларға 154,9 млрд. теңге көлемінде қаржы салмақ.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына  бағынышты, еншілес компаниялар 2005 жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 62,7 млрд. теңге салық құйды.

19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос