қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
23 мамыр 2005

Алғашқы қазақстандық “Астана” танкері тұрғылықты мекені Ақтау портына келіп жетті.

2005 жылы 23 мамырда Алғашқы қазақстандық “Астана” танкері тұрғылықты мекені Ақтау портына келіп жетті. Танкерді қарсы алу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты.

2005 жылдың 29 сәуірінде бас танкер “Астана” Ресей Федерациясының ішкі су каналдары арқылы тұрғылықты портына қарай жол тартқан болатын. Танкер Еділ-Балтық суларын сәтті жүзіп өтті.

Танкер Выборг кеме жасау зауытында құрастырылды. Қазір онда “Казмортрансфлот” ұлттық теңіз кеме компаниясының тапсырысымен тағы екі танкер құрастырылуда. “Казмортрансфлот” компаниясының акциясына 50 пайыздан “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ-ы мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі иелік етеді. Аталған жобаны халықаралық (EBRD) және отандық (Қазақстан даму банкі) қаржы ұйымдары қаржыландыруда.

Бүгінгі таңда “Астана” танкері Каспий теңізіндегі қазіргі заман талабына сай ең таңдаулы кеме болып отыр. Сыйымдылығы 12 мың тонналық танкер Каспий теңізінің тайыз жерлерімен еркін жүзе алады. Каспий маңы елдері порт инфрақұрылымының өндірістік қуатына сай аталған сиымдылық ең жоғарғы болып саналады. Кеменің ұзындығы – 149,35 м, ені – 17,3 м, жүк тиген кезде суға батып тұруы – 7 м, бортының биіктігі – 10,1 м, жылдамдығы – 10 ендік.

“Астана” танкерін басқару А1 деңгейінде автоматтандырылған, бұл орталық басқару бекетінде және машиналық бөлімде қызмет көрсетуші адамдардың үздіксіз болуынсыз-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Танкер халықаралық кеме жасау және жүргізу талаптарына, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарына, соңғы үлгідегі қауіпсіздік шараларына толық жауап береді.

Кемені қабылдап алу салтанатынан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев штурвалды  “Казмортрансфлот” Бас директоры Марат Сәрсеновке тапсырды, одан кейін құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды. Танкер командасы Президентке офицер алтын кездігін сыйлады.

23 мамыр күні мұнай  тиелген кеме халықаралық Баку –Тбилиси – Жейхан құбыр жолын мұнайға толтыруға аттанды.
19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос