қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
15 сәуір 2005

BG Group Plc. қатысу үлесін сатып алу жөніндегі “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен Солтүстік Каспий жобасына қатысушы шетелдік мердігер компаниялар арасындағы келісімшарт туралы

2005 жылдың 30 наурызында “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен Солтүстік Каспий жобасына қатысушы шетелдік мердігер компаниялар арасында  BG Group Plc. Солтүстік Каспий жобасына қатысу үлесін сатып алу келісімшартына қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес BG Group Plc. Солтүстік Каспий жобасына қатысу үлесінің жартысын  “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы сатып алды. Бұл оқиға жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми ақпарат  үстіміздегі жылдың 31 наурызында таратылды.

Ресми баспасөз релизі жарияланғаннан кейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары белгісіз “ақпарат көздерін” алға тартып, осы қол қою келісімшартына байланысты өздерінің көзқарастарын жариялады.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы БАҚ өкілдеріне келісімшарт туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратпауы  Солтүстік Каспий жобасына қатысушы әріптестер алдындағы міндеттерді орындауға байланысты болды. Құпияны сақтау келісіміне сай келісімшарт туралы құпия ақпаратты жария ету заң алдындағы жауапкершілікке алып келеді.

Аталған жобаға “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының кіруі өзге қатысушылармен тең дәрежеде жүргізіледі және басқа мердігерлерге қатысты жеңілдіктер берілмейді. Сонымен қатар мемлекет жобаға қатысушылардың ешқайсына салықтық жеңілдіктер беріп отырған жоқ. 

Саудаға шығарылған жобаға қатысу үлесінің бағасы нарықтық негізде анықталды.Оның бағасы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы үшін де өзге мердігер компаниялар үшін бірдей болды. BG Group Plc. үстіміздегі жылдың жетінші сәуіріндегі баспасөз релизінде британдық компания жобадағы әріптестеріне өз үлесін сатудан 1,8 млрд. доллар қаржы түсіргені жөнінде хабарлады. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы BG Group Plc. Солтүстік Каспий жобасына қатысу үлесіне аталған қаржының жартысын төледі. Бұл сомаға BG Group Plc. мердігер компаниялармен сату-сатып алу келісіміне қол қойю кезінде кеткен ағымдағы шығындардар да кіреді.

Сатып алу келісімшарты екі кезеңнен тұрады. Бірінші мердігер компаниялар BG Group Plc. Солтүстік Каспий жобасына қатысу үлесін (16,67пайыз) тұтастай мердігер компаниялар сатып алады, одан кейін жарты үлесті (8,33 пайыз) бастапқы шарт бойынша “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына қайта сатады. Сатып алу келісімі 2005 жылы сәуірдің  аяғында толық бітеді деп жоспарланып отыр.

Сатып алу келісімі аяқталғаннан кейін Солтүстік-Каспий жобасының әріптестері арасындағы құпияллық келісімінің шарттарын сақтай отырып, толыққанды ақпарат беріледі.

19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос