қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
30 наурыз 2005
Солтүстік Каспий жобасындағы  Бритиш Газ үлесінің жартысын Қазақстан Республикасының сатып алу құжаттарына мердігер компаниялар қол қойды.

2005 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы Солтүстік Каспий жобасына қатысушы мердігер компаниялармен 1997 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізі байлығын игеру кезінде өнімді бөлу келісіміндегі Бритиш Газ компаниясы қатысу үлесінің жартысын Қазақстан Республикасы атынан “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының сатып алу жөніндегі келіссөздер сәтті аяқталды.

Аталған Каспий теңізі байлығын игеру кезінде өнімді бөлу келісімі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан ірі кеніштерді игеруді қарастырады. Әр кенішті игеру 40 жыл мерзімге дейін созылуы мүмкін.

Бұғанға дейін Бритиш Газ компаниясынан бөлек Солтүстік Каспий жобасының өкілдері: ENI, Total, Exxon Mobil, Shell (үлестері 16,67 пайыздан) және  Inpex, ConocoPhillips (үлестері 8,33 пайыздан) компаниялары болған еді.

Ендігі уақытта, Бритиш Газ үлесінің жартысын Қазақстан сатып алғаннан кейін жобаға қатысушылардың құрамы мынадай болмақ: ENI (Солтүстік-Каспий жобасының біртұтас операторы), Total, Exxon Mobil, Shell (үлестері 18,52 пайыздан), ConocoPhillips (үлесі 9,26 пайыз) және Inpex пен “ҚазМұнайГаз”(үлестері 8,33 пайыздан).

Солтүстік Каспий жобасындағы  Бритиш Газ үлесінің жартысын Қазақстанның сатып алуы Қазақстан Республикасының Солтүстік-Каспий жобасына қатысудың келісілгендігін білдіреді.

Осылайша Қазақстан жағы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы арқылы ел экономикасындағы ірі мұнай-газ жобасында айтарлықтай үлеске қол жеткізді. Үлес сатып алу келісімшарты сәуір айының аяғына дейін толық рәсімделіп болады.

Ірі жобадағы Қазақстан үлесі энергетикалық тепе-теңдікті нығайтып, республика бюджетінің кірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы геологиялық қоры 38 млрд. баррелге ал, өндірілетін қоры кем дегенде 7-9 млрд. баррелге бағаланып отырған Қашаған кенішін игеруді консорциум 2008 жылы бастаймыз деп жоспарлап отыр.
19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос