қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
23 наурыз 2005
Менеджерлерге мұқтаждық мәселесін өзіміз шешемі.

Наурыздың 24-25 күндері Алматы қаласында “Мұнай-газ компанияларында адам ресурстарын басқару” атты қазақстандық конференция өтпек.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен өткелі отырған конференцияға Agip KCO концорциумы, “Euroschool”, “Теңізшевройл” және “Қарашығанақ” компаниялары демеушілік көрсетіп отыр. Онымен қатар конференция барысында Энергетика және минералдық ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау, Білім және ғылым, Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары мен ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларының өкілдері баяндама жасайтын болады. 

Алматыда өтетін алғашқы басқосудың басты мақсаты – ұлттық кадрларды дайындау, оқыту, олардың еңбекке тарту бағдарламаларын талқылау, жетекші мұнай-газ компанияларында адам ресурстарын басқару саласында тәжірибе алмасу. Сондай-ақ конференция аясында шағын көрме ұйымдастырылып, оған мұнай-газ саласының мамандарын даярлайтын отандық және шетелдік жоғары оқу орындары қатысатын болады.

Бүгінгі таңда елімізде кадрлар даярлауда кездесетін бірқатар проблемалар экономиканың дамуына қолбайлау болып отыр. Әсіресе, қазіргідей техника мен технологияның үздіксіз дамып жатқан кезінде қызметкерлердің жауапкершілігі, оларға қойылатын талаптар да жаңа заманға сай болу керек. Әйтпесе, қазіргі қолданыстағы “Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы” мен “Басшылар мен мамандардың, қызметкерлердің біліктілік анықтамасы” қазіргі күннің қойып отырған талаптарына жауап бере алмайды. Сондықтан да мемлекеттік емес компанияларда істейтін менеджерлер арасында бұл анықтамаларды ақтарып, қызметкер іздеп жатқандары  шамалы. Қызметкерлерді дайындау, аттестациялау және таңдауда белгілі бір стандарттардың болмауынан көптеген компаниялар өз бетінше нұсқау әзірлеуге басы артық уақытын жоғалтады. Оның үстіне, қазіргі таңда еңбек рыногында жұмысшылардың нақты жалақысын белгілеуде бірыңғай стандарт жоқ. Соның салдарынан жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақы деңгейін анықтай алмай әлек.

Бірыңғай стандарттарды әзірлеу әсіресе, мұнай-газ компанияларының басшылығы үшін мамандарға кәсіби білім беру мен оқу жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргідей нарықтық экономика жағдайында еңбек процесіне етене араласып кететін, жаңа заманға сай технологиялардың қыр-сырын терең білетін мамандар ауадай қажет. Экономикасы дамыған мемлекеттерде мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде кәсіби және біліктілік стандарттарын әзірлеумен айналысатын арнайы кәсіби қауымдастықтар жұмыс істейді. Және олар мамандарға сертификат береді. Бұл әсіресе, қызметкерлердің міндетін айқындап, олардың кәсіби өсуін жоспарлауға және біліктілігін арттырып, кадрларды қайта дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда еліміз индустриалдық-инновациялық дамуға ерекше ден қойған. Әлемнің озық тәжірибесін пайдаланып, жаңа технологияларды өндіріске енгізу үшін ең алдымен соны жүзеге асыра алатын білікті мамандар дайындау мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Осы орайда “Мұнай-газ компанияларында адам ресурстарын басқару” конференциясы негізінен осы бір өзекті мәселені ортаға салмақ.

19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос