қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
4 ақпан 2005
“ҚазМұнайГаз” Ұлттық Компаниясы Қазақстан және Орта Азия газын қолданып жүрген экспорттық бағыттарға балама ретінде Қытайға тасымалдау мүмкіндіктерін қарастыруда.

2005 жылдың 26-28 қаңтары аралығында “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының өкілдері Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеу жөнінде кезекті келіссөздер жүргізді.

Екі жақ “Қазақстанның ресурс базасы” және “Қытай газ нарығын сараптау” атты екі зерттеуді аяқтады. Қытай Қазақстан газына 2008 жылы 8-10 млрд.текше метр, 2020 жылы 30 млрд.текше метр көлемде қажеттіліктің бар екенін айтып отыр.

Бүгінгі күні “ҚазМұнайГаз” ҰК мен ҚҰМГК газ тасымалдау жобасының инженерлі-текникалық  үлгілерін қарастыруда. Одан кейін таңдалынып алынған үлгіні экономикалық бағалау кезеңі басталады.

Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөніндегі  келіссөздерді үстіміздегі жылдың бірінші жартысына дейін аяқтау жоспарланған. Одан кейінгі уақытқа Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысына инвестиция тарту жолдарын зерттеу мәселесі белгіленді.

Екі жақ та Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысын жеделдетуге мүдделілік танытып отыр.

Жоба бойынша Қазақстан газы ҚХР-сына 2008 жылдың аяғына қарай тасымалдана бастамақ.

19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос