қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Баспасөз ақпараты - 2005
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
« 2019 »
 
29.08.08
14 қаңтар 2005

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2005 жылы атқарған жұмыс қорытындысы және 2006жылға арналған жоспары.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2005 жылы 9 млн. 364 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 445 мың тоннаға артық. Мұнай өндірудің артуы жаңа интенсивті технологияларды қолдануға байланысты мүмкін болды. 2006 жылы 9 млн.  450 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарланып отыр.

Атырау МӨЗ-ы 2005 жылы 3 млн. 514 мың тонна мұнай өңдеді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға көп. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қорынан 2 млн. 623 мың тонна мұнай жеткізілді. Мұнай өнімдерінің шығарылымы  артты: бензин – 29,7 пайызға, дизель отыны -  13,7 пайызға, мазут – 43,3 пайызға. 2006 жылы 3 млн. 400 мың тонна мұнай өңделеді деп жоспарлануда.

«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша 2005 жылы 38 млн. 197 мың тонна мұнай тасымалданды. 2006 жылы жоспар бойынша  «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды құбыр жолдары арқылы 36 млн. 650 мың тонна мұнай тасымалданбақшы.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ының магистральды құбыр жолдары арқылы 2005 жылы 128 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 6,45 млрд. текше метрге артық. 2006 жылы 123,2 млрд. текше метр газ тасымалданады деп жоспарлануда.

Компания 2005 жылы 640,7 млрд. теңге табыс тапты, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 31,4 пайызға көп. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына бағынышты, еншілес компаниялар 2005 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 155,8 млрд. теңге салық құйды. Бұл 2004 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Компания қарқынды инвестициялық саясат жүргізуде. 2005 жылы өз қаржысы есебінен 163,4 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 150,7 млрд. теңге инвестиция салды. Бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп.

19.10.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос