қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы», «Қойнаулар мен қойнауларды пайдалану туралы» заңдарына өзгертулер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты жолшыбай газды толықтай кәдеге жарату мәселесі өзекті бола бастауда. Бұл мәселе сонымен қатар халықаралық аспектіге ие болып келеді, себебі Қазақстан жалпы әлемдік тұрақтандыру және булық газдардың (БГ) атмосфераға шығарылу көлемін азайту процесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қойнауды пайдаланушы төмендегі міндеттерді орындап отыруға міндетті:

Халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген жұмыстарды орындаудың барынша тиімді әдістері мен технологияларын таңдап алуға;

Қойнауларды оңтайлы түрде пайдалануды, жұмысшылардың, тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізудің технологиялық сұлбалары мен жобаларын ұстанып отыруға.

 

Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы» заңының 30-5 бабына сәйкес:  

  • мұнай-газ кенорындарын жолшыбай және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратусыз өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады:
  • апаттық жағдайлар мен тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төнген жағдайларды санамағанда, жолшыбай және (немесе) табиғи газды өртеуге тыйым салынады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары газды кәдеге жарату жөніндегі мәселелердің барлық жиынтығына үлкен көңіл бөледі: кейінгі заманғы технологияларды ендіру, шығарынды көлемін азайтуға арналған шаралар, газды өзінің технологиялық қажеттеріне арнап пайдалану, электрқуатын өндіру, қаттық қысымды ұстап отыру үшін қаттың ішіне айдау. Айта кететін бір нәрсе, бұл ілгері технологиялар мен жабдықтарды, зерделік ресурстарды қолдануды, едәуір мөлшердегі қаржылық қаражаттарды жұмсауды қажет ететін өте күрделі жұмыс. Табиғат қорғау, соның ішінде газды кәдеге жарату мәселелерін шешуге деген жүйелік көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында компанияда 2006-2015 жылдарға арналған Кешенді экологиялық бағдарлама әзірленіп жүзеге асырылуда.

Өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ол Қоғамның экологиялық менеджмент жүйесінің аса маңызды элементі болып табылады. Қазіргі кезде оның 1-кезеңі жүзеге асырылды – геоақпараттық технологиялардың негізінде ғарыштық мониторинг жүйесі құрылған, Ұлттық компанияның шаруашылық қызметі аймағының электрондық экологиялық картасы әзірленді.

Енгізіліп жатқан ғарыштық мониторинг жүйесі табиғи орта параметрлерінің өзгерістерін жедел түрде қадағалап отыруға, сонымен бірге кеніштердегі жанып жатқан шырақтардың мониторингісін жүргізіп және қисынды басқармалық шешімдерді, тиісті әрекет ету шараларын қабылдап отыруға мүмкіндік береді.

Корпоративтік мониторинг жүйесін құрудың келесі сатысына қоршаған ортаның сапасын бақылау станциялары мен экологиялық зертханалардың оңтайлы желісін ұйымдастыру жатады. 2006 жылы табиғи ортаның параметрлерін аспаптық өлшеудің қолданыстағы базасына талдау жасалып және тиісті бағдарлама әзірленді, ол бұдан әрі жүзеге асырыла беретін болады.

Қоршаған ортаның ластануын бақылауға арналған автоматты станцияларды құру жөніндегі пилоттық жоба «КазТрансОйл» АҚ-ның Ақтаудағы мұнай айдау станциясының негізінде жүзеге асырылды. ҚР Экологиялық кодексінің 105 «Қоршаған ортаға шығарындыларды басқарудың нарықтық механизмдері» атты бабында, сондай-ақ Кодекстің 45-тарауында шығарындыларды азайтудың  және тұтастай алғанда кәсіпорындардың булық газдардың шығарылу саласындағы қызметін реттеудің экономикалық механизмдерін ендіру туралы ережелер ескерілген. Бұл мәселелер Киотолық булық газдар жөніндегі хаттаманың талаптарына сәйкес келеді, аталмыш хаттама жақын арада Қазақстанда бекітілмек.

Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген шырақтық қондырғыларда газды жағуға тыйым салуға қатысты өзгертулерге сәйкес еншілес және тәуелді компаниялар мемлекет органдарымен келісілген Жолшыбай және табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды әзірледі. Мысалы ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 2005-2006жж. арналған жолшыбай газды кәдеге жарату жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеп жүзеге асырды, жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 500,0 млн. теңгеден артты. Осы шаралар жоспары шеңберінде «Жайықмұнайгаз» НГДУ-да қысқыш компрессор мен газ сығымдағыш станциясын орнатумен жалпы ұзындығы 17,2 км болатын газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылды.

«Эмбамунайгаз» өндірістік филиалының 2006 – 2008 жылдарға арналған жолшыбай газды кәдеге жарату бағдарламасына төмендегілер кіреді:

І кезең:

«Прорвамунайгаз» НГДУ-да «Жолшыбай газды тазарту мен сұйылту бекеті» экологиялық нысанының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру, нақты шығындар 284 млн. теңгені құрады. 

ІІ кезең:

«Прорва» орталық жинақтау бекетінде (ОЖБ) электрқуатын өндіруге арналған газ-турбиналық станцияны орнату және сығымдағыш станциясы бар ұзындығы 50 км газ құбырын салу, орындау мерзімі 2006–2008 жылдар; газ құю станциясын сатып алып монтаждау және «Прорвамунайгаз» НГДУ-дың автокөліктеріне газ-баллондық жабдықты орнату, орындалу мерзімі 2007 жыл. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына келер болсақ, мұнда қолданылып жатқан жолшыбай газды кәдеге жарату сұлбасы бірегей және аса толық болып табылады. Кеніштен игеріліп жатқан барлық жолшыбай мұнай газы толықтай өңдеуден өткізу үшін газ өңдеу қондырғысына (газ өңдеу зауыты) жіберіледі. Жолшыбай және табиғи газды өңдеудің нәтижесінде пентан-гександық фракциялы сұйытылған газ түріндегі дайын өнім мен бензиннен арылтылған құрғақ газ алынады. Бензиннен арылтылған құрғақ газ тұтынушыларға: облыс кәсіпорындары мен тұрғындарына беріледі, ал екінші бөлігі отын ретінде «Өзенмұнайгаз»-дың меншікті қажеттеріне арнап жұмсалады. Айта кететіні, кейінгі жылдары сұйытылған газға қатысты сұраныстың артуына байланысты оның өндірісі мен сату көлемі едәуір артты. Мысалы, 2003 жылы сұйытылған газдың 77,1 мың тоннасы, 2004 жылы - 100,0 мың тоннасы, 2005 жылы - 107,3 мың тоннасы сатылды. Жолшыбай газды кәдеге жаратуға қатысты барлық жоспарланған экологиялық шаралардың жүзеге асырылуы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы табиғат қорғау заңдарымен толық сәйкестікке келтіріп, сондай-ақ шырақтық қондырғылардан шығатын ластаушы заттар шығарындыларының жергілікті аймақтың ауалық бассейніне тигізетін жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, 2006 жылы шырақтарда жағылатын газдың көлемі алдыңғы жылдағымен салыстырғанда 19,2%-ға азайды, ал кәдеге жаратылған жолшыбай газдың мөлшері соған сәйкес 7,3%-ға артты. Нәтижесінде, шырақтардан атмосфераға шығарылатын ластаушы зат шығарындылардың көлемі бір жыл ішінде 2428 тоннадан 397 тоннаға дейін азайды, яғни 6 еседен артық мөлшерде азайған. Шығарындыларды азайту мен қосымша пайда көру бойынша белгілі түрдегі нәтижелерге көмірсутегілердің жеңіл фракцияларын резервуарлық парктерде ұстау арқылы ие болуға болады. Жағымды мысал ретінде Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру барысында жүзеге асырылған жобаны келтіре кетуге болады. Атырау мұнай өңдеу зауытында көмірсутегілердің жеңіл фракцияларын резервуарлық парктерде ұстауға арналған қондырғыны пайдалануға енгізу төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:                 

  • көп және аздаған «лептер» кезіндегі атмосфераға шығарылатын көмірсутегілердің шығынын 97% дейін азайтудың арқасында нысандағы экологиялық жағдайды және ауа бассейнінің күйін жақсартуға;
  • күтім жасаушы жұмысшылардың еңбек ету жағдайларын жақсартуға;
  • резервуарлардың жарамдылық мерзімін ұзартуға;
  • нысандардағы жарылу- және өрт қаупі тәуекелін азайтуға;
  • мұнайдың шығын азайтып және оның тауарлық қасиеттерін неғұрлым жақсы күйінде сақтап қалуға;
  • сақталған тауар өнімін сатудан қосымша пайда алуға.
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос