қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі мақсаттары
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі мақсатына төмендегілер жатады:
  • компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсеріне баға беру және басқару, алдын-алу және азайту;
  • технологиялық жабдықтың, өндірістік нысандар мен қоршаған ортаның күйін сапалы түрде бақылау мен мониторингілеудің қазіргі заманғы корпоративтік жүйесін құру;
  • жобалардың тәуекелін азайту үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету.

Экологиялық менеджменттің тиімділігін одан әрі арттыру үшін 2006 жылы әрекеттегі менеджмент жүйесінің ISO 14001:2004 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін талдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарына арналған аудит бастамаланып жүргізілген болатын. Жүргізілген аудиттің нәтижелері көрсеткендей, экологиялық менеджмент жеткілікті дәрежеде жоғары болып келетін деңгейде, және негізінен Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының талаптарына сәйкес келеді. Құрлық пен теңіздегі мұнай-газ кеніштерін жобалау, жабдықтау, игеру мен пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарға экологиялық ілесе жүру саласындағы ISO 14001:2004 стандартын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарына арнап бейімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес «2006- 2015 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарлама» (КЭБ) әзірленіп бекітілді, оның негізгі мақсаты – компанияның тұрақты дамуы үшін табиғат қорғау қызметіне деген жүйелік көзқарасты қамтамасыз ету. КЭБ-ға еншілес және тәуелді ұйымдардың өндірістік іс-әрекет аудандарындағы экологиялық жағдайды жақсартуға арналған нақты ұйымдастыру-техникалық шараларды жүзеге асыруы кіреді. Қазіргі кезде еншілес және тәуелді ұйымдар аталмыш бағдарламаны кезең-кезең бойынша жүзеге асыруда.

Бағдарламаны жүзеге асыру «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының ортақ экологиялық саясатын жүзеге асырып, келісімшартық аудандар мен аймақтарла қоршаған ортаны салауаттандыру бойынша нақты шараларды жүргізіп, табиғат қорғау қызметі саласына қатысты шешімдерді жедел түрде қабылдауға, компанияның экологиялық бетпердесін арттыруға мүмкіндік беретін болады.

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос