қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Экологиялық мониторингінің корпоративтік жүйесі
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

Кешенді экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде өндірістік экологиялық мониторингінің корпоративтік жүйесін (ӨЭМКЖ) қалыптастыру ісі жалғасуда, ол экологиялық бақылау жүйесінің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Қазіргі кезде соның 1-ші кезеңі жүзеге асырылды - геоақпараттық технологиялардың негізінде ғарыштық мониторинг жүйесі құрылған, компанияның шаруашылық қызметі аймақтарының электрондық экологиялық картасы әзірленді және 2006 жылы ӨЭМКЖ мәліметтер қорын өзектендіру ісі жүргізілді.

Енгізіліп жатқан ғарыштық мониторинг жүйесі табиғи орта параметрлерінің өзгерістерін жедел түрде қадағалап отыруға, сонымен бірге кеніштердегі жанып жатқан шырақтардың мониторингісін жүргізіп және қисынды басқармалық шешімдерді, тиісті әрекет ету шараларын қабылдап отыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да ӨЭМКЖ-ны құрудың 2-ші кезеңі жүзеге асырылуда - қоршаған ортаның сапасын бақылау станциялары мен экологиялық зертханалардың оңтайлы желісін ұйымдастыру. 2006 жылы табиғи ортаның параметрлерін аспаптық өлшеудің қолданыстағы базасына талдау жасалып және тиісті бағдарлама әзірленді, ол бұдан әрі жүзеге асырыла беретін болады. Қоршаған ортаның ластануын бақылауға арналған автоматты станцияларды құру жөніндегі пилоттық жоба «КазТрансОйл» АҚ-ның Ақтаудағы мұнай айдау станциясының негізінде жүзеге асырылды. 

Экологиялық мониторингтің корпоративтік жүйесінің негізгі мақсаттарына төмендегілер жатады:

  • қисынды басқармалық шешімдер қабылдау үшін, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде шешім қабылдау үшін қоршаған ортаның ағымдағы күйі туралы жедел ақпарат алып отыру;
  • қоршаған ортаның күйі туралы мәліметтер қорын құру және толықтырып отыру;
  • есептілікті автоматтандыру.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның экологиялық мониторингінің корпоративтік жүйесі Еуропа үшін БҰҰ-ның экологиялық комиссиясының үлкен қызығушылығын тудырды, ол компанияның ішкі экологиялық басқару жүйесін ұйымдастыруына, өзге елдердің кәсіпорындарында ендіру үшін келешегінен зор үміт күттіретін корпоративтік геоақпараттық жүйесінің ішкі жүйесін әзірлеуге жағымды баға берді. Компания ұңғымаларды жобалау, геологиялық барлау жұмыстары, ұңғымаларды салу, кеніштерді жабдықтау, тасымалдау мен өңдеу сатыларындағы техникалық қауіпсіздікті басқару үшін, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүйесінде аталмыш нормаларды қолдану кезектілігінің жоспарын әзірлеу үшін құрлық пен теңіздегі мұнай мен газды барлау мен өндірудің әлемдік тәжірибесінде қолданылатын халықаралық стандарттар мен нормалардың салыстырмалы талдауын жүргізді.

Тұтастай алғанда, 2006 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның негізгі еншілес ұйымдары табиғат қорғау шараларына арнап 2,3 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсады. Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты компания қоршаған ортаны қорғау мен сақтау саласына қатысты бекітілген заңнамалық талаптардың орындалуына қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыратын болады.
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос