қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

Мемлекеттің экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мүддесін одан әрі қамтамасыз ету шаралары туралы

 

Стратегиялық мәні бар салаларда экономиканың мемлекеттік секторын басқару ісін жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсіп-өркендеуіне арнап қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңмен бекітілген тәртіппен:

1) «Самрұқ» мемлекет активтерін басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Самрұқ» холдингі» АҚ) құрсын;

2) екі апта мерзім ішінде төмендегілердің орындалуын қамтамасыз етсін:

«Самрұқ» холдингі» АҚ қызметінің негізгі ұстанымдары туралы меморандумды бекіту;

акцияларының мемлекеттік пакеті «Самрұқ» холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталына тапсырылатын ұлттық компаниялар мен өзге де акционерлік қоғамдардың тізімін бекіту;

3) бір ай мерзім ішінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз ету;

4) осы Жарғыдан туындайтын өзге шараларды қабылдау.

2. Осы Жарғының орындалуын бақылау ісі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырылсын.

3. Осы Жарғы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 28 қаңтар 2006 жыл

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос