қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
«Атасу-Алашынқой»
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 

«Атасу-Алашынқой» мұнай құбырының пайдалануға енгізілуі 2006 жылдың ең маңызды оқиғаларына, мұнай тасымалдау жүйелерінің көп бағыттылығы стратегиясын жүзеге асырудың елеулі кезеңіне айналды және мұнай компанияларына Қытайдың келешегінен үміт күттіретін және жылдам дамып келе жатқан нарығына мұнай жеткізілімдерінің сенімді және экономикалық тұрғыдан тиімді бағытын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, аталмыш мұнай құбыры Қазақстанның транзиттік әлеуетін Қытайға Ресей мұнайын тасымалдау үшін қатыстыруға мүмкіндік береді.

Аталмыш жобаны «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, яғни «КазТрансОйл» АҚ мен CNPC Қытай ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны CNODC компаниясының тең құқықтық негізде құрған (50% қатысу үлесімен) біріккен кәсіпорны жүзеге асырды.

«Атасу-Алашынқой» жүйесі арқылы мұнайды сенімді және үздіксіз түрде қабылдау мен тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында «КазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының «Ертіс жағалауы - Атасу», «Қарақойын - Атасу» теліміндегі нысандарды және «Атасу - Алашынқой» мұнай құбырының негізгі мұнай айдау станциясы болып табылатын «Атасу» НМАС-тың тікелей өзінде нысандарды жетілдіру мен қайта құру жөніндегі бірқатар іс-шаралар атқарды.

«Атасу - Алашынқой» мұнай құбыры бойынша Қытайға Орталық Қазақстанның кенорындарынан алынған мұнай жеткізіледі. Сонымен қатар Қазақстанның батыс аймақтарынан мұнай жеткізілімдері орын алуы мүмкін, соған арнап Атасуда теміржол цистерналарынан мұнайды қабылдап алып артынша оны «Атасу - Алашынқой» мұнай құбырына құюға арналған ағызып алу эстакадасы салынған.

2006 жылдың қорытындылары бойынша «Атасу - Алашынқой» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдаудың көлемі құбырды толтыруға арналған мұнай көлемінің есебімен 2 млн.тоннадан артық көлемді құрады.

Республикадағы мұнай өндірудің көлемдері тұрақты түрде артып келеді - 2006 жылы Қазақстанда шамамен 65 млн. тонна мұнай өндірілген, мұнысы 1997 жылдың соған сәйкес көрсеткішінен (25,7 млн.тонна) 2,5 есе артық.

Жақын жылдарда мұнай өнеркәсібінде мұнай өндірісінің едәуір артуына әкелетін бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы күтіліп отыр – бұл ең алдымен 2007 жылы жоспарланып отырған Теңіз кенорнында «Екінші буынды зауытты» пайдалануға енгізу, Қарашығанақ өңдеу кешенінің қуаттылығын арттыру, сонымен қатар кейін Каспий теңізінің Қашаған және оның Қазақстандық секторға жататын өзге де кенорындарында мұнай өндіре бастау.

Осылайша, 2010 жылға қарсы мұнай өндірудің көлемі жылына 84 млн. тоннаға дейінгі шаманы құрап, ал 2015 жылы, яғни Каспий теңізінің қазақстандық щельфінде жаңадан кенорындарын енгізілген кезде өндіру көлемі жылына 130 млн. тоннаға дейін жететін болады.

өндірудің осыншама жоғары көлемдерін ескерумен мұнайды шетелге шығарудың барынша тартымды жағдайларын тудырған маңызды.

Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау жүйесінің қуаттылықтары қазіргі кезде өндіріліп жатқан мұнайдың көлемін қанағаттандырады, алайда мұнай өндіру саласының бұдан арғы уақыттағы дамуы жаңа жобаларды жүзеге асырусыз мүмкін болмайды. ҚР-ның ықпалдастырылған мұнай құбырлық жүйесін құру мақсаттарына жүгінумен Қазақстан – Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін жүзеге асырудың келешектері қарастырылуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының (ҚҰМК) өзара жасасқан келісімшарты бойынша Қазақстан Ө Қытай мұнай құбырын салу жобасын жүзеге асырудың екінші кезеңінде «Кеңқияқ – Құмкөл» телімінде мұнай құбырын салу, сондай-ақ жанасып жатқан мұнай құбыры жүйелерін кеңейту мен жетілдіру көзделіп отыр.

Аталмыш жобаны жүзеге асырудың негізгі мақсатына Ақтөбе облысынан, Батыс Қазақстан мен Каспий теңізінің Қазақстандық секторында орналасқан кенорындарынан Қытайдың перспективалық нарығына мұнай тасымалдау жүйесін құру, сондай-ақ компанияның Батыс және Шығыс филиалдарының арналы мұнай құбырларының дербес жүйелерін біріктіру арқылы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жатады. Батыс Қазақстанның мұнай өндіру компанияларының Қытайдың перспективалық нарығына қатынауын қамтамасыз ету мақсатында «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбырын кері бағыттау арқылы Қазақстан – Қытай мұнай құбырына біріктіру ісі көзделіп отыр.

21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос