қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
«Ескене-Құрық» мұнай құбыры
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
Бұл мұнай құбыры Ескенде (Атырау ауданында) орналасқан «Қашаған» кенорнынан келіп түсіп жатқан мұнайды әзірлеу зауытын Құрық айлағымен жалғауға арналған, аталмыш айлақта үлкен дедвейттік 60 мың тоннаға дейінгі танкерлерді қабылдауға арнап жаңадан мұнай құю терминалын салу жоспарлануда.

Бұл ретте жобаланып отырған мұнай құбырының трассасы әрекеттегі «Өзен – Атырау - Самара» мұнай құбырымен бір техникалық дәліз арқылы өтетін болады деп көзделіп отыр, мұнысы соның құрылысына арнап жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін болады.

Көлемі жаңадан салынған құбыр қуаттылығы жүктемесінің негізін құрайтын Қашаған мұнайымен қатар аталмыш бағытты өзге де мұнай компаниялары пайдаланатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  «КазТрансОйл» АҚ және «Тоталь» компаниясының өзара инвестициялардың негіздемесін әзірлеу ісіндегі әріптестік туралы меморандумының шеңберінде «Ескене-Құрық» мұнай құбырының жобасы бойынша бірлескен түрдегі зерттеулер жүргізілуде, соның барысында Көзделіп отырған шаралар туралы декларацияға қол қойылды.

Алғашқы кезеңде ұзындығы шамамен 750 км болатын «Ескене-Құрық» мұнай құбырының өткізу қабілеттілігі  жылына 23 млн. тоннаны құрайды, одан арғы уақытта ресурстық базаға байланысты ол кезең-кезең бойынша жылына 35 және 56 млн. тоннаға дейін ұлғайтылып отыратын болады деп көзделуде.

   Аталмыш жобаны жүзеге асырумен бір мезгілде, 2006 жылдың маусым айында мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасынан мұнайды Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы «Баку-Тбилиси-Джейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдауды қолдау мен соған ықпал ету жөніндегі келісімшартының ережелеріне жүгіне отырып Транскаспийлік мұнай тасымалдау жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады, аталмыш жұмысқа Әзірбайжанда ірі тоннаждық танкерлік флотты, сондай-ақ «Баку-Джейхан» мұнай құбырымен жалғауға дейін баратын тиісті қабылдау қуаттылықтарын құру, шаралары жатады.

Сонымен қатар мұндай тасымалдау жүйесін құру ғаламдық энергетика саясатының тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық мұнай компанияларына түріктің Босфор және Дарданелла бұғаздарын айналып өтіп суы терең Джейхан айлағына шығуды қамтамасыз етумен, жеткізудің жаңаша бағыттарын пайдалану мүмкіндігін береді, мұнысы айрықша маңызды болып табылады.

Мұндай перспектива өз кезегінде Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері тәрізді қашық жатқан мұнай нарықтарына экономикалық тұрғыдан тиімді болып келетін қатынауға жол ашады.

Аталмыш бағыт бойынша ең алдымен «Қашаған» кенорнындағы, сондай-ақ каспий қайраңы мен Батыс Қазақстанның өзге кенорындарындағы мұнайды жеткізіп отыру жоспарлануда.

Құрық айлағынан мұнай сондай-ақ өзге де бағыттар бойынша, соның ішінде Баку – Батуми мен Иранға жеткізіліп отыруы мүмкін.
22.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос