қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Мұнайды Кавказдық бағытта тасымалдау
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
2006 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев және Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасының мұнайын Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы  «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдау ісіне ықпал ету және соған қолдау көрсету жөніндегі келісімшартқа қол қойды.
Сонымен қатар, кавказдық аймақ елдерімен тасымалдау саясатына қатысты ынтымақтастық өзіне 2007 жылдың 24 мамырында Тбилисиде қол қойылған Әзірбайжан Республикасының Көлік министрі, Грузияның Экономикалық даму министрі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің келісімделген көліктік саясатын жүргізу мәселелері жөніндегі бас қосуының Хаттамасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 7 мамырындағы № 196 заңымен  «Еуропа-Кавказ-Азия» дәлізін (ТРАСЕКА) дамыту жөніндегі халықаралық тасымалдау туралы негізгі көп тараптық келісім (НКК)» бекітілді.
Осылайша, Қазақстан үшін мұнайды Кавказдық бағытта тасымалдау ісі мұнай жеткізілімдерін әртараптандыру тұрғысынан және жалпы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мұнайды экспорттаушылар мен импорттаушылардың, сондай-ақ транзиттік мемлекеттер мүддесінің қорғалуына ықпал ететін  баламалы, экономикалық тұрғыдан тиімді болып келетін бағыттарды дамыту шеңберінде белгілі дәрежедегі қызығушылық тудыруда.

Қазақстанндық Каспийлік тасымалдау жүйесі

Қазақстандық Каспийлік тасымалдау жүйесіне (ҚКТЖ) «Ескене-құрық» мұнай құбырының құрылысы және Транскаспийлік жүйесін (Құрық-Баку) құру кіреді.

Транскаспийлік жүйе Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында орналасқан мұнай құю терминалдарынан, Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай құю терминалдары мен «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесіне дейінгі жалғағыш құрылыстардан құралатын болады.

ҚКТЖ бастапқы кезеңде тәулігіне 500 мың/бар. (жылына 23 млн.тонна) тасымалдауды қамтамасыз етіп, артынша бұл көрсеткіш тәулігіне 750-1200 мың/бар. (жылына 35-56 млн. тонна) дейін артатын болады деп жоспарлануда.
Инвестицияларға негіздеме беру шеңберінде алдын-ала жүргізілген есептеулерге сәйкес Транскаспий жүйесінің шамалап алғандағы бағасы 1-кезеңде шамамен 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады, соның ішінде: Құрық к. терминалдың құны шамамен 0,6 млрд. АҚШ доллары, кеме жасау шамамен 0,5 млрд. АҚШ доллары, Әзірбайжан аумағында терминал мен жалғағыш құбырды салу шамамен 0,7 млрд. АҚШ доллары.
Транскаспийлік тасымалдаулар кезінде 63 мың тонналық үлкен дедвейттік танкерлерді пайдалану көзделіп отыр.

35 млн. тонна мұнайды тасымалдау үшін жылына 7 ірі тоннаждық танкер жасау қажет.

Өз кезегінде, Құрық айлағынан тасымалдауларды үлкен танкерлермен жүргізу  мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құруға негіз болады, мұндағы жүктемелік қуаттылықтар (қоймалардың көлемі, ағызып алу/құю сорғыларының қуаттылығы, жағаға аялдау құрылғыларын пайдалану) тасымалдау желісінің үздіксіз түрде әрекет етуі үшін барынша бейімделетін болады.

ҚКТЖ жүйесі бойынша мұнайды Баку айлағына дейін және одан әрі Әзірбайжан Республикасының экспорттық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау жоспарлануда.

Қазіргі кезде Әзірбайжан үш экспорттық мұнай құбырларын пайдалануда:
• Баку-Тбилиси-Жейхан
• Баку-Супса
• Баку-Новороссийск 

 «Баку-Тбилиси-Жейхан» (БТЖ) мұнай құбыры

«Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының құрылысы 2003 жылдың сәуір айында басталды, ал оның ашылу салтанаты 2006 жылдың 13 шілдесінде  Жейхан айлағында (Түркия) болып өтті.
БТЖ-ның акционері - BTC Co. Компаниясы, оның құрамына өз кезегінде келесі компаниялар кіреді: BP (30,1%), ГНКАР (25%), Chevron (8,9%), Statoil (8,71%), TPAO (6,53%), Itochu (3,4%), Amerada Hess (2,36%), ENI (5%), ConocoPhilliрs (2,5%), Inрex (2,5%), Total (5%).
   40 жылдық пайдалану мерзімінен кейін мұнай құбыры Әзірбайжанның меншігіне берілетін болады.

Негізгі техникалық көрсеткіштер:
• Мұнай құбырының ұзындығы 1767 км құрайды, соның ішінде: Әзірбайжанда – 443 км, Грузияда – 248 км, Түркияда – 1076 км

• Мұнай құбырының өткізу қабілеттілігі – жылына 50 млн. тонна;
• Диаметрі: 42/46/34 дюйм
• Сорғыш станциялардың саны – 8 - 130 МВт, соның ішінде төмендегі елдердің аумағында орналасқан:

Әзірбайжанда 2
Грузияда 2
Түркияда 4
• Теңіз деңгейінен жоғары ең үлкен биіктігі – 2800 м

• Қысымы – 10,0 МПа
• Теңіздік айлағы бар бір терминалы Жейханда орналасқан.

  БТЖ жобасының бастапқы бағасы  $3,6 млрд. құраған, соның $1 млрд. ақшасын жоба акционерлерінің өздері қосады, ал $2,6 млрд. – қатыстырылған несиелердің есебінен алынады. Бұл ретте, құрылысқа жұмсалатын шығындар $2,95 млрд. көлемінде бағаланды. Жобалық құнын да құбырды толтыруға арнап 10 млн. баррель мұнай сатып алуға жұмсалатын шығындар  ($250 млн.), борышты қаржыландыру мен қамсыздандыру жөніндегі келіссөздерге жұмсалатын шығындар  құрайды.
   Аталмыш жобаға арнап несие ақшаны Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және Халықаралық қаржылық корпорация – $250 млн., 15 коммерциялық банк $936 млн. көлемінде, сондай-ақ Жапонияның халықаралық ынтмақтастық банкі – $480 млн. және жобаға қатысушы төрт компания BP, Statoil, ConocoPhillips и Total компаниялары – $923 млн. берді.
   Оның үстіне, коммерциялық банктер ұсынған несиенің $250 млн. ақшасы  ЕҚДБ мен МФК кепілдік етуімен, ал $686 млн. ақшасы экспорттық және сақтандыру агенттіктерінің кепілдік етуімен ұсынылуда.

Несие ақша жылына Libor +3,5% орташа мөлшерлемемен 10-12 жылға арнап берілді. 2006 жылы БТЖ жүйесі бойынша 54 млн. баррель (шамамен 7 млн.тонна) айдалды. 2007 жылы БТЖ құбырын мұнай айдаудың тәулігіне 1 млн. барр. жобалық қуаттылығына шығару жоспарланып отыр.

 Қазақстан мұнайын  БТЖ жүйесі бойынша тасымалдау.
15% мөлшеріндегі үлеске ие болып отырған ENI, ConocoPhillips, Inpex и Total компаниялары Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлістіру жөніндегі келісімнің қатысушылары болып табылады. «Шеврон» компаниясының  ВТС Со компаниясында алып отырған үлесі 8,9% құрайды. Аталмыш  компаниялар «Ескене-Құрық» мұнай құбыры мен Транскаспийлік жобаның  потенциалды жүк жөнелтушілері мен инвесторлары болып табылады.
«Шеврон» және «Inpex» компаниялары өздерінің БТЖ-да алып отырған үлестерінің арқасында өздерінің Әзірбайжан Республикасында өндіріп отырған мұнайын тасымалдауда.

Осылайша, БТЖ-ның жылына  50 млн.тоннаны құрайтын әрекеттегі өткізу қабілеттілігі жағдайында, ENI, ConocoPhillips және Total компанияларының алып отырған үлесінің арқасында жылына 6,25 млн. тонна мұнай тасымалдап отыруға болады.
   Алайда, Транскаспийлік жүйенің жоспарланып отырған қуаттылығын ескеретін болсақ, мұндай мөлшердегі квота бүкіл Қазақстан мұнайын БТЖ жүйесі бойынша тасымалдау үшін жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, Әзірбайжандағы, дәлірек айтқанда, «Азери-Чираг-Гюнешли» кенішіндегі жоғары өндіру көлемдерін ескерсек, БТЖ жүйесінде жақын жылдарда бос қуаттылықтардың болмауы күтілуде. Сол себептен БТЖ жүйесін кеңейту қажет болады, ол үшін ВТС Со компаниясы мен ӘР Үкіметімен тиісті түрде келіссөздер жүргізу қажет.

 Қазіргі кезде ENI, ConocoPhillips, Inpex және Total компаниялары жүйенің өткізу қабілеттілігін кеңейтуге арналған зерттеулер жүргізуде.

«Баку-Супса» мұнай құбыры

   Мұнай құбыры «Баку-Батуми» ескі мұнай құбырының негізінде салынған болатын. Пайдалануға енгізілген уақыты 1999 жылдың сәуір айы. Мұнай құбыры трассасының ұзындығы 837 км құрайды, оның 460 км-і Әзірбайжан жері арқылы өтіп жатыр, өткізу қабілеттілігі  жылына 7,2 млн. тоннаны құрайды (турбуленттікке қарсы қондырмаларды пайдаланған жағдайда жылына 7,75 млн. тоннаға дейін барады), диаметрі 610 мм.

Мұнай құбыры құрылысының құны 560 млн. АҚШ долл. құрады, жобаны АМОК қаржыландырды.

Құбыр алғашқыда мұнайды «Чираг» кенішіндегі бастапқы өндіру жобасының шеңберінде экспорттауға арналған болатын.
Мұнай құбырының бастапқы нүктесіне Каспий теңізінің жағалауындағы  Санғашал терминалы, ақырғы бекітіне Грузияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Супса айлағындағы терминал жатады. Супса айлағынан мұнай танкерлермен Жерорта теңізіне тасымалданады.
   Супса терминалында жалпы сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрайтын 4 резервуары бар. Терминалдың жоғары шығару аялдамасы бар және оның дедвейті 150 мың тоннаға дейін баратын танкерлерді қабылдап алуға шамасы бар.

Осы бағыттың пайдалануға енгізілген уақытынан бастап оның айрықша пайдаланушысына  АМОК компаниясы айналды, ол «Азери-Чираг-Гюнешли» кеніштерінде өндірілетін барлық мұнайды экспорттайды. Аталмыш бағыт бойынша өзге жүк жөнелтушілердің мұнай тасымалдауы тек АМОК-тың келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

«Баку-Новороссийск» мұнай құбыры

«Баку-Новороссийск» мұнай құбыры (солтүстік бағыт) пайдалануға 1983 жылы енгізілген. Трассаның жалпы ұзындығы 1 483 км құрайды, соның ішінде Әзірбайжан жері арқылы 231 км. өтіп жатыр. Мұнай құбырының жобалық өткізу қабілеттілігі оның диаметрінің 720 мм жағдайында жылына 7 млн. тонна мұнайды құрайды.

Кеңестік заманда мұнай құбыры батыс-сібір мұнайын әзірбайжандық МӨЗ зауыттарына жеткізу үшін пайдаланылып отырған. КСРО құлдырағаннан кейін 1997 жылға дейін мұнай құбыры жұмыс істемей тұрды. Мұнай құбырын жандандыру әрекеті «Азери-Чираг-Гюнешли» жобасын жүзеге асыру шеңберінде мұнайды коммерциялық түрде өндіре бастаумен байланысты болатын.

Мұнай құбырының ұзақ уақыттық әрекетсіз тұруынан кейінгі оның жұмысын қалпына келтіру әрекеті едәуір көлемдегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етті. АМОК «Азери-Чираг-Гюнешли» мұнайын экспорттауға мүдделі болғандықтан, Әзірбайжан жеріндегі жұмыстарды қаржыландырды, ал «Транснефть» АҚ Ресей жеріндегі жұмыстарды қаржыландырды.
2006 жылдың желтоқсан айында Әзірбайжан Президенті ГНКАР мұнайын «Баку-Новороссийск» мұнай құбыры бойынша тасымалдаудың тоқтатылғаны туралы мәлімдеді. Аталмыш шараға себеп болған жағдай ретінде «Газпром» ААҚ-ның 2007 жылғы Әзірбайжан үшін газдың бағасын 1000 м3 үшін 110 АҚШ долларынан 235 АҚШ долл. дейін  көтеру туралы шешімі аталған болатын, соған орай Әзірбайжанда мазуттың қолданылу көлемін арттыру туралы шешім қабылданды, бұл өз кезегінде меншікті мұнайдың қосымша көлемін қажет етті.

 «Баку-Батуми» теміржол тасымалы

«Баку-Батуми» темір жолы Қазақстан мен Түркменстаннан Әзірбайжан жері арқылы мұнай тасымалдау ісінде басты рөлге ие болуда.
Мұнай өнімдерімен қоса аталмыш бағыт бойынша жыл сайын 3 млн. тоннадан артық мұнай тасымалданады.
2006 жылы Батумидегі мұнай терминалы 11,7 миллион тонна мұнайды ауыстырып құйды.

Айта кететіні, 2006 жылдың соңы -  2007 жылдың басында «КазТрансОйл» АҚ Greenoak Holdings компаниясымен және соның Грузиядағы бірқатар активтерді, соның ішінде Батумидегі мұнай терминалы мен Грузия жері арқылы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі ең ірі Petrotrans компаниясын иеленген Naftrans Capital Partners еншілес компаниясымен бірлескен кәсіпорнын құру туралы мәміле жасасты.

Осыған орай, Қазақстан Баку-Батуми бағыты бойынша мұнайдың қайсыбір көлемдерін тасымалдауға қатысты қызығушылығын білдіріп отыратын болады. Аталмыш бағытты қазақстандық жүк жөнелтушілер БТЖ-да жайғастырылмаған мұнайды (шамамен 4-5 млн. тонна) тасымалдау үшін қажет етуде.
   Қазақстанның Грузия мен Әзірбайжанның мұнай тасымалдау активтеріне қатысуы қазақстандық мұнайды Транскавказдық тасымалдау дәлізі бойынша бәсекеге қабілетті және транспаренттік тариф жағдайында кемсітусіз тең құқылы қол жеткізу ұстанымдарына негізделген тасымалдаудың қазіргі заманғы және сенімді жүйесін құруға негіз болып отыр, мұнысы Энергетикалық Хартияның негізгі ережелеріне сәйкес келеді.
22.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос