қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Маркетинг
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
« 2019 »
 
«ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ) бренді

ЖЖМ-ның бөлшектеп сату нарығы мен тұтынушылардың пікірлеріне жүргізілген маркетингілік зерттеулердің нәтижелері бойынша автожанармай құю станцияларын ребрендингілеу туралы шешім қабылданған болатын.
«ҚазМұнайГаз» АЖС-ның жаңа дизайны компанияның жаңашылдық стилі мен оның ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келуге деген ұмтылысын бейнелейді.
Жаңа корпоративтік дизайнға ие модульдік АЖС-лардың алғашқы тобы «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ еншілес ұйымдарының пайдалануына келіп түсті.
АЖС-ларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы кезеңі табысты түрде аяқталды, ол  еңбек өнімділігін 9%-ға арттырып, АЖС-ларда мұнай өнімдерін бензин тасымалдаушылардан қабылдап алу кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа технологиялар қызмет көрсетудің, сатылатын мұнай өнімдерінің сапасының жақсаруына, тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.

Сауда үйінде ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін ықпалдастырылған басқару жүйесі енгізілген.
  Мұнай өнімдерінің сапасын арнайы жабдықталған «Газель» автокөліктерінде орнатылған жылжымалы сапалық зертханалар (ЖСЗ) арқылы оларды өндіруден бастап АЖС-ларда өткізуге дейін басынан аяғына дейін бақылау жүйесі құрылған.
  Мұндай тәжірибе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр.
Жылжымалы зертханалар арқылы «ҚазМұнайГаз»-ның барлық АЖС-ларында ЖЖМ-ның сапасын кемінде айына 1 - 2 рет 18 сапалық көрсеткіш бойынша мерзімді түрде бақылау қамтамасыз етіліп отырады.

8-800-080-2222, 8-327-259-6161 сауда үйінің тұтынушыларын тәулік бойы тегін қолдау қызметі енгізілген (Алматы қ. бойынша). «ҚазМұнайГаз» АЖС-ның өзін бензиннің сапасы қанағаттандырмаған  кез келген клиенті өз тілектері мен ұсыныстарын білдіре алады. Call-center сондай-ақ өзінде компанияның қызметі туралы ақпарат алуға болатын анықтама қызметі ретінде жұмыс істейді.
17.11.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос