қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан тасымалдау жүйесі
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
2006 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев және Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасының мұнайын Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының жері арқылы  «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі бойынша халықаралық нарыққа тасымалдау ісіне ықпал ету және соған қолдау көрсету жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарттың мақсаты – Құрық-Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты бойынша Шығыс-батыс энергетикалық дәлізі арқылы қазақстандық мұнайдың барған сайын артып келе жатқан көлемін Жерорта теңізіне тасымалдауға арнап жағдайлар тудыру.

Келісімшарттың реттеу нысандарына Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай ағызып алу/құю терминалдары, жобаның танкерлері мен кемелері, Каспий теңізінің Әзірбайжан жағалауындағы мұнай ағызып алу/құю терминалдары және Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесіне дейінгі жалғастырғыш құрылыстар жатады.

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлістіру жөніндегі келісімге қатысушылардың мәлімдемелеріне сәйкес 2010 жылға қарсы Қазақстан мен Әзірбайжанның жағалауларын біріктіріп жатқан жеңіл қашаған мұнайының сапасын сақтап қалуға мүмкіндік беретін мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құру қажет. Жаңа транскаспийлік жүйе бастапқы кезеңде 5 млн. тонна мұнай тасымалын қамтамасыз етуі тиіс, артынша бұл көрсеткіш жылына  38 млн. тоннаға дейін артпақ.

Келісімшартта транскаспийлік жүйе шеңберінде теңіз тасымалдауларын уәкілетті тараптардың кемелік компанияларының Тараптардың мемлекеттерінің туларының астында бірлесіп жүзеге асыруы, келісімделген халықаралық ортақ стандарттарды қолдану ескерілген.

Айта кететіні, Құрық айлағынан үлкен танкерлермен тасымалдауларды ұйымдастыру өзіндегі жүктемелік қуаттылықтар (қоймалардың көлемі, ағызып алу/құю сорғыларының қуаттылығы, шығарылмалы жағаға аялдау құрылғылары) тасымалдау желісінің толассыз түрде әрекет етуіне арнап барынша бейімделетін мүлде жаңаша тасымалдау жүйесін құруға негіз болады.

Транскаспийлік жүйені құрудағы тағы бір қадам ретінде Қазақстан мен Әзірбайжан Үкіметтерінің инвесторлармен келісім жасасуы болмақ, мұнысы Келісімшартта ескерілген.
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос