қазақша      русский      english   на главную    cұрақ-жауап    cайт картасы
Қазақстан-Қытай газ құбыры
Сайттағы жаңалық
22.05.09
2009 жылдың 22 мамырында Астанада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында белгілі қазақстандық мұнай...
20.05.09
Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін сертификаттау ж...
08.05.09
Жеңіс күнін мерекесінің қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерле...
барлық жаңалықтар
 
Жаңалықтар мұрағаты
дс сс ср бс жм сн жс
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
« 2019 »
 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен CNPC Қазақстаннан Қытайға газ құбырының құрылысына арналған инвестициялардың негіздемесін бірлесіп әзірлеу ісіне кірісті.

Газ құбырының жоспарланып отырған өткізу қабілеттілігі жылына 30 млрд. текше метрді құрайды. Бұл ретте құрылысты аяқтау және құбырдың қуаттылығы жылына 10 млрд.  текше метр болатын алғашқы буынын 2009 жылы пайдалануға енгізу, ал жобалық қуаттылығы жылына 30 млрд. текше метрді құрайтын екінші буынын 2012 жылы пайдалануға енгізу жоспарлануда.

2006 жылдың 20-23 ақпанында Бейжіңде Жобаны басқару тобының (ЖБТ) Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысына арналған инвестициялардың негіздемесіне (ИН) арналған алғашқы отырысы болып өтті.

ИН бойынша келісімнің тараптары ретінде «ҚазМұнайГаз» және Қытайдың Ұлттық Мұнай-газ корпорациясы (CNPC) болып табылады.

Отырыстың барысында Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысына арналған инвестициялардың негіздемесін әзірлеуге қатысты техникалық тапсырманың жобалары, ИН әзірлеу жөніндегі есеп берудің құрамы қарастырылып және келісімделіп, Құпиялылығы туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар сондай-ақ ИН әзірлеу бюджетіне, ИН әзірлеу жөніндегі Үйлестіру Комитетінің жұмыс тәртібіне қатысты болып келетін және өзге де мәселелерді талқылады. Соның қорытындылары бойынша ЖБТ хаттамасына қол қойылды.

 
21.9.2019
Информация по акциям
РД КМГ
Подробнее
Бейне анонс
Бейнегалерея бос